Сен тұр - мен айтайын!

Қайғыдан хайп жасап қажеті жоқ

  • Қайғыдан хайп жасап қажеті жоқ

    Қайғыдан хайп жасап қажеті жоқ

Астанада бір түнде қынадай қырылып қалған бес бүлдіршіннің өлімі қалың қазақтың қабырғасын қайыстырып, көңіліне қаяу салды. ҚР Президенті де бұл қазаға ортақтасып, қара жамылған отбасының туған-туыстарына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетуін тапсырды.


Алайда, Астанадағы бес баланың өмірін жалмаған өрттің жалыны басылғанымен, жаңғырығы басылар емес. Әлеуметтік желіге сан түрлі теріс пиғылдағы пікірлерді қарша боратқандар бұған мемлекетті кінәлауда. Бірақ, меніңше жарым түнде уақытша баспанадағы (времянка) ескі пештен шыққан өрт жан түршігерлік оқиғамен аяқталуы – мемлекетті айыптауға негіз емес. Әрине, мемлекет бұған көп жақсы көмек көрсетіп, мұндай шаралардың ендігәрі болмауы үшін кешенді іс-шаралар қабылдауы тиіс.


«Біреу тойға айналғанда, басқа біреу қойға айналады» демекші, қайғыдан хайп іздеп, ұпайын еселеуге тырысып бағуда. Мұндай кезде сан түрлі пысықайлар шығып, азалы жұртты арандатушылар арбауына оңай түсіреді. Арбау емей немене, мемлекет кешенді шаралар қабылдап отырса. Дәлелмен сөйлейік. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі жанынан көп балалы отбасына қолдау көрсететін жұмыс тобы құрылды. Бұл топ ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсартуға әрі көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейтуге міндетті. Бұл бір. Екінші, «Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңестің» құрылды. Үшіншіден, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақының көлемі де көбейетін болды. Бұл 20 айлық есептік көрсеткіш болуы мүмкін. Төртіншіден, мемлекет үйі жоқ көп балалы отбасыларға арнап төрт мың арендалық пәтер салуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа 35 миллиард теңге бөлінбек. Мінекей, бұлтартпас айқын дәлелдер.


Айтпақшы, қала шетіндегі уақытша баспаналарды (времянка) тексеріп, көмекке мұқтаж жандарды анықтап, есепке алу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Елбасы тапсырмасына сай Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған комиссия бұл шараға білек сыбана кірісті.


Ұмытып барады екенмін, арандатушылар әлеуметтік желі мен мессенджерлерге Астанадағы балалар шеруін таратып жүр. Бейнежазбада ата-аналар Елорданың бет қаритын аязды күні балаларын далаға шығарып, қолдарына плакат беріп көшеге шығарғаны байқалады. Бірақ, мұның соңғы оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ, 2014 жылы бір тұрғын үйдің мәселесіне қатысты болған жайт екенін ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растап отыр.


Демек, әртүрлі оқиғаның дер кезінде өзінің мүддесін пайдаланып, өңін теріс айналдыруға машықтанған беймәлім арандатушы күштердің бары анық. Тек солардың қақпанына түсіп қалмай, сауатты түрде салиқалы сараптама жасаған соң ғана шешім шығарған абзал. Әйтпесе, мұның соңы өкінішке апаруы мүмкін...


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.02.2019, 19:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30