Сен тұр - мен айтайын!

Қайтейін, әкем алаяқ, ұрлықшы, жатып ішер жалқау болды ғой, – депті

  • Қайтейін, әкем алаяқ, ұрлықшы, жатып ішер жалқау болды ғой, – депті

    Қайтейін, әкем алаяқ, ұрлықшы, жатып ішер жалқау болды ғой, – депті

Бір үйдің екі ұлы болыпты. Кішкентайынан әке-шешесінің тәрбиесімен бірге жетілсе де, кейін екеуінің жолы мүлде екіге айырылған екен. Бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді, бір ұядан ұшқан, бір құрсақтан шыққан, бір ата-ананың тәрбиесін көріп, бір нанды бөліп жеген бауырлар бір-бірінен ерекшелене ер жеткен көрінеді. Мектепті тауысып, ауылдан алыстады. Олар ауылдан ғана емес, бір-бірінен де алыстады, әрқайсысы өз әлемінде өмір сүріп жатты.
Біріншісі намысшыл болды, қолынан келгенше қарекет қылды. Алып қалада өзін жоғалтып алмауға тырысып, жан-тәнімен еңбекке бас қойды. Әлдекімнің ауласын күзетіп, қолы қалт еткен уақытта дала сыпырды. Кейін көлік, техника жөндейтін жерге жұмысшы болып кірді. Екі жұмыста қатар істеп шаршаған ол айлығы азырақ болса да бір орында байыз тапқанына көңілденіп қалды. Сөйтсе, көңілденгені – жаны қалаған жұмысты енді ғана тапқаны екен. Көлік-техника жөндеген оған ұнайтын, бірақ ол өзі шеберге жай көмекші болып қана жүрді. Соңыра өзі де шеберге айналды. Аяғында майталман маман болып, өзінің жеке шеберханасын ашты. Онда адамдар оған теледидар, тоғазытқыш, көлік секілді түрлі дүниесін жөндеуге алып келетін. Шеберханасы кеңейіп, кейін өзі компания құрып, жұмысшы тартып, кеңседе отыратын менеджер болды.
Ал екіншісі мектепте атаман болатын. Төбелес десе иығын беріп тұрыпты. Тіпті кей кикілжіңдерді қолдан өзі ұйымдастырады екен. Және содан ләззат алатын көрінеді. Бұл «хоббиін» ауылдан алыстағанда да тастамады. Қалаға келді, өзгелердей «өмір» көргісі келді. жұмыс іздеді, екі қолға бір күрек табылды да. Базардағы бір дөкейдің қоймасында жүкші болды. Қолы қалт еткен демалысында түнімен ұрлап немесе біреуден тартып ішкен араққа сылқия тойып жататын. Бірде бір қапты пәлен метр жердегі көлікке арқалап алып бара жатқанда қабының бір бұрышы базарда орын жалдаушылардан салық жинаушыға тиіп кетті. Тауыққа ұқсап қақылдап ақша жинап жүретін жігіт жүкшіні боқтап берді. Оған шыдай алмаған жүкші жұдырықпен бір ұрды. Осы оқиғаға көз алмай қарап тұрған жүкшінің бастығы оны арашалап, салық төлеушіге артығырақ ақша беріп ауызын жапты. Сонан соң жүкшіні қауіпті операцияға жұмсады. Жеңіл ақшаға алданған жүкші жігіт келісе кетті. Базардағы әлгі дөкейдің көптен бері көз құртына айналған қас жауы бар екен. Оның да базары болыпты. Жүкшіні соның базарына өрт қоюға жұмсады. Ұрлау мен төбелес ұйымдастыруда тәжірибелі болғанымен, өрт тұтатуда осалдау болып шықты. Ақыры ізін жасыра алмай ұсталып, жұмсаған дөкейі танымайтын болып шығып, өзі темір торға тоғытылды.
Екі бауырдың осы әңгімесін тыңдаушы «Сен осы жағдайға қалай жеттің?» деген бір сұрақты оларға кезек-кезек қойыпты. Бір қызығы бірнеше жұмысшыға жалақы беріп отырған кеңседегісі де, өзгені тонап, өзі де «тоналып», біршама қатарластарын жемтік етіп, өзі де өзгеге жем болған түрмедегісі де:

– Қайтейін, әкем алаяқ, ұрлықшы, жатып ішер жалқау болды ғой, – деп бірдей жауап берген екен.

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 2343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30