Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ, ағылшын, орыс тілін керемет білетін қазақ баласы табылмады ма? Бұл енді ұят

  • Қазақ, ағылшын, орыс тілін керемет білетін қазақ баласы табылмады ма? Бұл енді ұят

    Қазақ, ағылшын, орыс тілін керемет білетін қазақ баласы табылмады ма? Бұл енді ұят

Астанада шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтуде. Қазірге дейін үш турдың матчтары ойналды. Бүгін төртінші тур. Қазір жерлестеріміз үш ойында да жеңіске жетіп, 9 ұпаймен екінші орында келеді. Осынша жеңісі, осынша ұпайы бар Беларусь хоккейшілері бірінші орында. Доп айырмашылы бізге қарағанда дұрыстау. Менің айтайын дегенім бұл емес, әрине. Осы "Барыстың" ойыны арасында әр команда бапкерлерінен, капитандарынан, үздік ойншыларынан сұхбат алатын бір қыз бар. Аты-жөні айтыла бермейді. Өзі қазақтан гөрі кәріске жақындау. Болса болар, сол қыздың бір рет қазақша сөйлегенін көрмеппін. Мейлі ғой, "Барыста", жалпы ҚХЛ-де қазақша сөйлейтін, қазақша түсінетін ешкім жоқ. Ал мынау әлем чемпионаты. Қазақ елінің астанасы - Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр. Бес-он жылда бір келетін жарыс. Тағы да осы қыз жүр сап-сары шашы желбіреп. Жаңа турдың шымылдығын ашқан Венгрия мен Словения командалары арасындағы матч алдында тікелей эфирге үш адам шықты: біреуі - ағылшын тілінде сөйледі, екіншісі әдеттегідей - орыс тілінде, ал үшіншісі... ол да орысша сөйлеп тұр. Сол сары шашты, сары қыз. Сонда біз қай елде өмір сүріп жатырмыз? Ағылшын тілін, қазақ тілін, орыс тілін қатар білетін, білгенде де керемет білетін қазақ баласы табылмады ма екен? Бұл енді ұят. Сөз таба алмай отырмын.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3460    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 21:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30