Қазақ аса жаны сірі xалық, миы істемегендіктен интуиция дәрежесінде ғұмыр кешеді

30 қараша 2018, 11:06

Қазақ аса жаны сірі xалық. Ұлт болдырмайтын бойында "уыты", ел болдырмайтын "ісігі" бола тұра тәбеті сұмдық енді. Бір қозғалып қоюды білмейді. Күндіз бойына отырады да кешке тойға барады. Ол аздай тойға тойып барады. Дәл осыған келгенде сұмдық мақал ұстанғыш. Жүрегін май басқан, өкпесі ыс пен басқаланың қара көмірінен сыр-сыр етеді. Өті толған тас, көті толған көтеубас. Бүйрегі аварийный режимде жұмыс істеп тұр. Қолы алуды ғана біледі. Аяғы қашуды ғана біледі. (кредиттен, намаздан, жұмыстан, сабақтан, қарыз бергендерден т.б). Бауыр... Ұялғанынан істеп тұр. Себебі аты зор БАУЫР! Печень болса баяғыда бітер еді саудасы. Көзі косоглазие с элементами аутизма. Яғни көреді бірақ көргеніне сенбейді. Сосын керегін ғана көреді. Көбінесе жамандықты көбірек көреді. Ал жақсылық атаулын көре алмайды. И плюс көршісін де...
Ең бастысы миы істемейді. Есесіне істемейтін мыйға қосылып тұрғандықтан тілі сұмдық. Тоқтаусыз шатады. Миы істемегендіктен интуиция дәрежесінде ғұмыр кешеді. Соңғы кездері көкірегі оттай жанып жүр. Қамырды тастай салсаң лезде пісіп кетеді. Жарылып кетпесе игі...

Nartay Saudanbekuly
Фейсбуктегі парақшасынан