Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ баласы қалаларда неге үйсіз-күйсіз жүруі керек?

  • Қазақ баласы қалаларда неге үйсіз-күйсіз жүруі керек?

    Қазақ баласы қалаларда неге үйсіз-күйсіз жүруі керек?

- Біз әлеуметтік саясатты әрі қарай жалғастырып, әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлеміз;


- Әрбір отбасының әл-ауқат индикаторы көрсетілетін әлеуметтік картасы болады. Аймақтарда бірыңғай әлеуметтік саясат жүргізіледі. Әлеуметтік кепілдік бәріне ортақ, тең болады:


- Аз қамтылған, көп балалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынуын қамтамасыз етеміз.

Қолжетімді баспананың құрылыс барысы мен олардың бөлінуіне қатаң бақылау жасаймыз. Осы шаруаның бәрін қолға алып, істі бастаған кезде жұртшылықтың пікіріне сүйенеміз, -... дейді президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев.


"Ұшқан құс, жүгірген аңның панасы бар, сонда неге қазақ баласы қалаларда үйсіз-күйсіз жүруі керек?" деген сұрақтың шешімін таппай келе жатқанымыз шындық. Тұрғын үй құрылысы былай қарасаңыз, елімізде қарқынды жүріп жатқан сияқты. Зау биікке сұғынған заңғар үйлерді қазір қай қаладан болса да көреміз, бірақ, соның көбі сорайып босқа тұр. Терезесінен шамның жарығы көрінбеген үйлердің қасынан өтудің өзі қорқынышты. Соның бәрін жас шаңырақ иелері мен көп балалы ата-аналардың иелігіне беру керек қой. Сонда, біріншіден, демографиялық өсімнің жақсаруы мүмкін. Екіншіден, тұрғын үй құрылысына кеткен қаржы біртіндеп болса да, қазынаға қайта құйылады. Үшіншіден, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткіземіз. Баспанасы, жұмысы бар отбасында да тыныштық, тұрақтылық, жарасымдылық болады. Төртіншіден, басында баспанасы бар адам ғана шын беріліп, алаңсыз жұмыс істей алады. Бесіншіден, алтыншыдан,.. Тоқаев мырза 40 мыңнан астам пәтер салып, оны көп балалы ата-аналар мен жағдайы төмен отбасылардың иелігі мен игілігіне беруге уәде етіп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы уәдесінде тұрып, көпті қуантса, әрине, қоныс тойлар көбейер еді, сол қоныстойлардың қызығына қол соғып, біз де қуанар едік!


Даурен Куат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31