Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ бизнесі шетелге барғанда ұлттық мейрамхана аша ма?

  • Қазақ бизнесі шетелге барғанда ұлттық мейрамхана аша ма?

    Қазақ бизнесі шетелге барғанда ұлттық мейрамхана аша ма?

Осы түріктерге риза боламын. Түрік басқа елге көшсе, онымен бірге түрік асханасы, донерханасы, мешіттері, ұлттық идеологиясы, салт-дәстүрі, киіну үлгісі бірге ілесіп жүреді. Мәселен, Австрияда болғанымызда, түріктердің көптігін байқадық. Заң бойынша, демалыс күні еңбек құқықтары сақталып, қызмет көрсететін дүкен-мейрамханаларға дейін жабық болуы мүмкін. Ал донер сататын дүңгіршіктер барлық жерде ашық тұрады. Бүгін Еуропа Түркияны неге Еуроодаққа кіргізбей отыр? Қазірдің өзінде Германия, Франция сияқты ірі елдердің өзінде мұсылмандану үрдісі жоғары болса, тіпті, Швециядағы ондаған мешіттер Түркияның діни басқармасына қарайды екен?! Міне, көрсеткіш. Онда әрине діни уағыздан бөлек, саяси уағыз да жүргізілетін көрінеді. Швециядағы имамдар Эрдоғанды қолдайды, сөзсіз. Ал қазақ бизнесі шетелге барғанда ұлттық мейрамхана аша ма? Ондай идеология бар ма бізде? Баяғыда бір саясаткер айтып еді "Қазақ бизнесмендері Ресейге қаржы құйып, үлкен бизнес-орталық салыпты. Бұл ғимаратта итальян пиццериясын ашыпты". Міне, біздегі жағдай осы, бұл да патриотизмнің қандай деңгейде екенін көрсететін жәйт...

 

Камшат Тасболат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31