Қазақ елін саяси санасы төмен, топас ретінде көрсеткілеріңіз келе ме...
Қазақстан мен Хабар, 24 Хабар телеарнасы басшылығы назарына!
Бүгінде телеарнада жүргізілетін саяси бағдарлама - мемлекеттің ішкі және сыртқы идеологиясын насихаттаушы күшке айналғанын көрші ресей телеарналары дәлелдеді! Сіздерде саяси тақырыпта сараптама жасайтын Соловьев, Познер, Дождь т.с.с. кәсіби білікті, саяси пайымы жоғары жүргізуші мен ұтымды бағдарламаның жоқтығы, елімізді "саяси мешеу қалған қоғам" ретінде көрсетіп отыр. Ресейлік аталмыш бағдарламада сөйлеген саясаткерлерге мемлекеттік тұрғыда нота беріп отыруы - ресей бағдарламаларының жоғары кәсіби деңгейінің дәлелі! Өзгемен иықтасып отырған еліміздің саяси сауатты саясаткер, тарихшы мен журналисін неге саяси алаңға шығармасқа?! Бізде саяси өресі биік журналистің жоқтығына сенбеймін! Телеарналарыңыздағы ұлттық салт-дәстүрімізге сай келмейтін арзанқол, мәнсіз бағдарламалардан шаршадық! Ресей бағдарламасына Үкімет басын тықпалата бергенше, сауатты саясаткерлер ойын ашық айтып, тарихи дәлелмен сайысатын саяси бағдарламаны не себепті ашпай отырсыздар?! Үкімет басы араласса - жанжалға айналады. Ал, ашық алаңда саясаткер мен тарихшы жауап берсе - кәсіби талқы боп саналады. Әлде, қазақ елін саяси санасы төмен, ұлт тағдырына бейтарап қарайтын топас ретінде көрсеткілеріңіз келе ме, түсінбедім? Ресейлік саясаткерлердің "қазақтар өз тарихын неге қорғамай отыр, қарсы тұратын кез туды, саясаткерлер мен тарихшыларыңыз неге үнсіз?" дегенін әлеуметтік желіден көргенде, кірерге тесік таппайсың. Телеарналардан ашық саяси алаң өзге елдің саяси алаңына қарсы тұрмаса - жас ұрпақ намыстанып, қазақ болғанына ұялатын жайтқа жетіп қалдық. Телеарна басшылығын білетініңіз тегтей салыңыздаршы.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан