Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ халқына да жігітбасы сияқты институт керек-ау...

  • Қазақ халқына да жігітбасы сияқты институт керек-ау...

    Қазақ халқына да жігітбасы сияқты институт керек-ау...

Ұйғыр халқында "жігітбасы" деген бар деседі. Яғни ауылды алып қарайық. Ауылда әкім болады. Сондай-ақ сол ауылда тұратын ұйғыр халқында "жігітбасы" деген де болады дегенді естідім. Ол айына бір мәрте сол ауылдағы ұйғыр жігіттерінің басын жиып, отбасындағы әлеуметтік жағдайын сұрап, жетпегеніне көмектесуге шақыратын көрінеді. Сонымен қатар мектеп бітірген ұйғыр қызы мен жігіттерін үйлендіру бойынша да ақылдасып, жастарды кездестіріп, таныстыруға мәмілеседі деп естідім. Қаншалықты рас екенін білмедім.
Негізі қарап тұрсақ әдемі әлеуметтік институт. Мектеп бітіре салып, үйлендіруді айтпаймын, әлеуметтік жағынан бір-біріне қолдау көрсету жағын айтамын. Егер расымен мектеп бітіріп, үйленетіндер көп болса, онда ұйғыр халқының өсімі де жаман емес деген сөз ғой біздегі.
Қазақ халқына да жігітбасы сияқты институт керек-ау. Бізде ақсақалдар шешкен ғой кезінде. Қазір ол институт өкінішке орай әлсіреп кетті. Әкім есеп бергенде ғана бата беру үшін аталарды алып барады. Ауылдық жерде. Ал ауылдағы әр қазақтың жағдайына алаңдап, ұйысып, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыға көмек берудің амалын қарастырып, ақылын айтып, жөнге салып отыратын институт болса қандай тамаша болар еді. Ұлт деген сондай қадамдар арқылы көрінеді ғой. Үлкенді сыйлар кіші болса, кішіге қамқор үлкендер болса тамаша емес пе?! Мүмкін утопия шығар, бірақ рухани жаңғыру деген негізі сол ғой. Мен оны солай түсінемін.
Ал енді мектеп бітіріп, үйлену дегенге аздап өзім қарсымын. Әр адамның демократиялық құқығы ғой әрине. Дегенмен мектеп бітіріп, оқу оқып, қоғамның толық социализация процесстерін бастан кешіп барып үйленген дұрыс деп санаймын. Бірақ біздің ұлт көп болуы керек. Қазақстанда 13-14 млн ғана қазақ бар. Бұл аз, өте аз. Әр қазақтың шаңырағына Алла кемі 4-5 баладан сыйласа, сол баланы бағуға, оқытуға, тәрбиелеуге мүмкіндік беретін, ресурстардың әділетті бөлінуін қамтамасыз ететін әділетті мемлекеттік аппарат болса, біздің ұлт көбейеді. "Бала тума", "көп бала керек емес" деген пікірмен келіспеймін. Қазақ көп болуы керек. Әр адам өз отбасын өзі бағады ғой. Сондықтан "көп бала тума" дегенді түсіне алмаймын. Ресурсы жетпей жатқан 1 кв метрге 100 адамнан келетін Бангладеш емеспіз. Оданда ресурстардың әділ бөлінуін талап еткен дұрыс.
Қазақ осы жерге ие болуы үшін білімді, бай, қуатты әрі көп болуы міндетті! Түсінген адамға бұл негізі ұлттық қауіпсіздік мәселесіндегі пост...

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.05.2021, 09:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30