Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ жігіттерінің көбінің өмірі осындай трагедияға толы.

  • Қазақ жігіттерінің көбінің өмірі осындай трагедияға толы.

    Қазақ жігіттерінің көбінің өмірі осындай трагедияға толы.

ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ НЕГЕ ЖЫЛАМАЙДЫ?
Қазақ жігіттерінде жауапкершілік көп. Көпшілік қазақ жігітінің жасқаншақ болуы, өмірде өз орнын таба алмауы, тұрмыста ажырасуы мен тіпті агрессияға бейім болуының себебі осында жатқан сыңайлы. Ойымды толығырақ ашып жазуға тырысып көрейін.
Мысалы, бір қазақ отбасында жігіт және қыз дүниеге келеді. Қыздарға барлық жағдай жасалады, әдемілеп оқытады, ақшасын беріп тоқытады. Жігіттерге көбіне ондай “внимание” жасала қоймайды. Жігіт емессің бе, өз күніңді өзіңді көр деп алғашқы алалау мектепте басталады.
Бала кезден мектепте оқып жүргеннен бастап, сен бізді асырауың керек деп құлағына құяды. “Өмірдегі басты міндетің — бақытты болу” деп қыздарды қияға ұшырамыз, “Өмірдегі басты міндетің — бізді, інілеріңді, қарындастарыңды бағу, одан ауысса туысқандарды, ел-жұртты жарылқау” деп ұлдарды ұяға қондырамыз. Қондырғанда да ол ұядан басқа нәрсені ойлай алмайтын дәрежеде психотравма болады.
Мектептен бастап, осылай қысыммен өскен қазақ жігіттерінің көбі жақсы университетке түсе алмайды, сапалы білімге қолы жетпей, дені дұрыс ортада жүрмейді. Себебі әке-шеше ақшаның/көңілдің/уақыттың бәрін қызға инвестиция жасап, жігітке келгенде, құр сөзбен (мақал-мәтел мен қияли установкалармен) шығарып салады. Үлкен қалаларға келген жігіттердің көбі басын анда ұрып, мында ұрып, басым бөлігі жұмыссыз, мақсатсыз, ақшасыз, шарасыз күйге түседі.
Сөйтіп жүріп, үлкен қалаларда оқуды келістірмей, жұмыс іздей бастайды. Неше түрлі сетевой бизнеске, тез баю мен ақша табудың жолын іздестіріп, түрлі алаяқ схемаларға ұрынады. Психологиясы нашар жігіттер құмар ойындарға, лудоманияға, алкоголизм мен наркоманияға душар болады. Бұлардан басы қатып жүргенде, діни секталар басынан сипап, құшақ жайып шақыра қалады. Ата-анадан көрмеген мейірім-махаббат пен қолдауды көрген қазақ жігіттері діни фанатик болып шыға келеді.
Өмірдің осы сәттерінде 25-30 жасқа келген қазақ жігіттеріне “Қашан үйленесің?” деген қоғамдық қысым, туысқандық шабуыл мен ата-аналық агрессияға толы атака басталады. Әлі дұрыс білім алмаған, орта көрмеген, өзін таппаған жігітке тура өзі сияқты қыз жолығады. Себебі жақсы универде оқыған, шет тілін білетін, ата-ана тарапынан да, жігіттер тарапынан вниманиеге тойған қыздар өмірлік 2-3 сұраққа сеніммен жауап бере алмайтын маргинал жігіттерге қарамайды. (Бұндай қыздардың өмірі жайлы басқа пост жазармын…)
Жігіттер үйленсе де, жан-жағына жалтақтап, ата-анасына, бауырларына көмектесіп тұрады. Көмектесе алмай қалса, өзін кінәлі сезінеді. Ойының бір бөлігін отбасына бөлуге бала кезден миға құйған ерлік, азаматтык, перзенттік борыш жібермейді. Жасы 40, 50-ге келген жігіттер де ата-анасына өмір бойы материалдық тұрғыдан борышкер сезінеді. Көп отбасыда ажырасу осының салдарынан да болады. Себебі ер азаматтар барлық күш-қайратын ең алдымен өзіне, кейін отбасына бөлу керек. Ал бізде алдымен ел-жұрт, кейін отбасы, ал өзін әрдайым ұмыт қалдырады.
Жігіттердің осылай күндері өте береді. Әйтеуір қоғамдық қысымға шыдамай үйленіп тынады. Өмірдің ащы-тұщысы басталады. Қыздар жылап алады, психологқа барады, бетін күтеді, шашын жасатады, құрбыларымен сырласады, неше түрлі Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым типтес марафон-курстарға қатысады. Жігіттерде бұлардың біреуі де жоқ. Психотерапиядан өтудің орнына интернет толған тегін діни уағыздар мен тағдырдың жазғаны осы деген сыңайлы шала сауат имамдардың видеоларына тойып алып, инфантилизм өмір басталады.
Бұл тек ең шарасыз сценарий жағы. Басқа да сценарийдің ішінде қылмыстық іспен біразы отырып кетеді. Намысқа шыдамағандары шетелге жұмыс істеймін деп басы ауған жаққа жөнеледі. Мінезді, қайсарлы, тырысып-тырмысып қалған бірең-сараң жігіттер амалын тауып оқуды да келістіреді, бизнес пен карьерада да жолы болады, қалаған арман-мақсатына қол жеткізеді. Мыңнан біреуі осылай шығыр жатады.
Бұл мыңнан бір бағы жанған жігіттердің қоғамда абыройы да, әлеуметтік желілерде лайкы да, қыз-қырқынның көзі де, сөзі де болады + бұндай жігіттер 30 жасқа жетпей жақсы көлік, жайлы пәтер, барлық мәселесін шешеді. Өзін таппай қалған, өмірде жолы болмаған 999 жігіт осы 1 жігітке тамсанып, өзін салыстырып, іш етін жей береді. Психологияда да, бизнесте де өзін біреумен салыстырып, басқамен жарысып жүрген адамдар өздігін жоғалтады.
Қоғамда ажырасудың көбеюі, әйелдерді ерлердің ұруы, жетім балалардың көбеюі, құмар ойын/алаяқ сетевой пирамидалар, қылмыстық әрекеттер мен діни фанатизмнің белең алуына елдегі коррупциядан кейінгі себептердің бірі осы деп ойлаймын. Мен әлеуметтік сауалнама, статистика мен зерттеулер жүргізгенім жоқ. Бизнес, маркетинг тұрғысынан әлеуметтік желілерде мыңдаған қазақ жастарымен сөйлесемін, ондағанымен өмірде жақсы араласамын, жүздеген жігіттерге өмірлік ақыл-кеңес айтып, бизнес консультация беремін.
Диалог барысында түсінгенім қазақтың барлық жігіттеріне психологтың көмегі керек. Намыс, ерлік, тыраштану сияқты сөздермен милары зақымдалған, психотравмасы асқынған, өмірде өзін жоғалтқан. Мен бизнес-ментор ретінде талай жігітке көмектесу барысында психологиялық кедергілерге көп кезігемін. Бизнесті тек құралдар мен методтар жиынтығы деп ойлайды. Сенің ішкі состояниең мен ақшаны табудағы мотивің, өмірлік құндылықтарың мен бизнестегі позицияң сәйкес келмесе жағдай қиын.
Құрметті әйелдер қауымы, күйеулеріңізден, жігіттеріңіз бен аға-інілеріңізден, әкелеріңізден махаббат пен мейірім, сыйлық пен гүл, кинодағыдай романтика мен сериалдардағыдай қатынас күтсеңіздер, оларға психологиялық, моралдық тұрғыдан көмектесіңіздер. Олардың жан-дүниесіне үңіліп, бір күн сырласып, сөйлесіп көріңіздерші. Жылына бір рет келетін 7-мамырда нәски-шұлық, парфюм мен сағат сыйламай, психологқа 2 сеанс сыйлап көріңіздер. Менің алғашқы 1-2 рет консультациям тегін. Бизнеси, психологиялық және мотивациялық тұрғыдан кез келген жастағы ер адамға да, әйел адамға да көмектесе аламын.
Қазақ жігіттерінің көбінің өмірі осындай трагедияға толы. Психологиялық тұрғыдан әлсіз ерлер көбейгенде, қоғам құрдымға кетеді. Ерлер жылап үйренсе, жүрегі жібиді, жібіген жүректен жамандық шықпайды, керісінше мейірім-махаббат дариды…

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3366    Пікірлер: 0

сенбі, 04.09.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31