Қазақ қыздарын Лободаның артына қойып, Леслидің аяғына жығып бере салған

22 қараша 2022, 17:01

Жалпы, ұлттық құндылықтарды жоюға ұмтылыс осындай болады! Мына байқауды, концертті кім ұйымдастырған екен? Ұйымдастырғанда да, қай жағымен ойланған?

 

Сәл еңкейсе, омырауы ақтарылайын деп тұрған желікбастардың ар жағына қазақ қыздарын “мың бұралтып” қойғаны қалай?

 

Осындай концерт, іс-шаралар сценариі, меніңше, алдын-ала әкімдікке өткізіледі. Сонда ол тек галочка үшін бе?

 

Лободаның артына қойып қыздарды, Леслидің аяғына жығып бере салатын ұйымдастырушылар, бүйткен креатив шоуларыңызға түкірдім де, қол қойдым!

 

#Мәдениет көшіп кетті

#Мәдениетпокинулчат

 

“Әлем аруы” халықаралық байқауында ән шырқаған Димаш Құдайбергеннің артына ешкім жалаңаш қызын қойған жоқ! Сондай әсерлі шыққан еді!

 

“Қазақ аруы” деген әнді Марат Омаров ағамыз шығарған, сол әнді эстрадамыздың @nurbullin, @abdizhappar_alkozha, @gazizkhan сияқты сымбатты да, өнерлі жігіттеріне орындатса да болар еді

 

 

 

Ғалия Шаудырбаева

Фейсбуктегі парақшасынан