Қазақ қызының бір бөлігі өзін толғандырған мәселені айтса, неге тыңдап көрмеске?

10 наурыз 2021, 10:48

Кешегі шеруді неге кесіп-пішіп азғындыққа жорып тастадыңыздар? Шеруде айтылған әйел құқы; жұмыс-қызметтегі шеттету, кемсіту; декретке дейін және декреттен кейін ұнатпау; үй ішіндегі жәбір-жапа; келінді отпен кіріп, күлмен шығатын қызметші санау; бизнестегі һәм саяси сахнадағы теңсіздік сияқты қаншама қиындықты рас көрмейсіздер ме, әлде ол қалыпты жағдай ма? Қазақ қызының бір бөлігі жан шырылын, өзін толғандырған мәселені айтса, оны неге тыңдап көрмеске? Неге шерудің ішінен ЛГБТ туын ғана көрдіңіздер?

Болат Мүрсәлім

Фейсбуктегі парақшасынан