Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ өнері кәріз жүйесіне айналып болды ма?

  • Берік Жүсіпов

    Берік Жүсіпов

Жазбайын десем жай таптырар емес. Күз келгенде аңсақ адам үйде отырушы ма еді. Бір апта бұрын «қос ауызды» көтеріп, бірнеше жігіт Іленің жағасына барып үйрек аттық. Аттық деген аты ғана. Мардымды ештеңе болған жоқ, еңбек қайтпады. Айтайын дегенім де ол емес.
Алматыдан 400 шақырым жер, құлазыған медиен дала. Шөпшілер-ау деймін, қостың басында үш адам шай ішіп, жайбарақат жатыр екен. Көк кабиналы трактордың екі есігі айқара ашық. «Мария Магдалина охо-хо, Талайдың арманы едің ехе-хе» деп ұ-ры-п жатыр. Ойпырмай, мидай далада да мына тексіз әуеннен құтыла алмайтын болдық. Енді қайда барамыз?
Не болып, кімге айналып бара жатырмыз осы? Қызы, бозбаласы, қатыны, еркегі, қызметкері, қатардағысы, ақылдысы, шала сауаттысы, шал-шауқаны мен кемпір-сәмпірі қосылып ауылда да, қалада да бәрі тегіс жын қаққандай осы әулекі әуенге селкілдейтін болыпты. «Шип-шип-шип» деп тауыққа бидай шашқандай шиқылдайды, қара терге түсіп жер тепсініп қиқулайды келіп. Осы әуенмен Құдай дескен құдасын күтеді, баласының тұсауын кеседі, туған күн тойлайды.
Калумбияда ұзындығы 1550 км, 260 мың шаршы метр алып жатқан, Кариб теңізіне құятын Магдалена деген өзен бар екен. «Күнәдан пәк» деп дәріптелетін, христиан дінінің негізін салушы Құдайдың расулы (адам бейнесіндегі Құдай) Ғайсаны (Иисус Христос) дүниеге әкелген Палестиналық Марияға да жақындығы байқалмады. Сөйтіп отырып мына бір қатынның суретін тауып алдым. Картина анықтамасында: «Рафаэль. «Магдалены Дони». 1506 жылдардың шамасы. Флоренция. Патти галереясы» депті. Интернеттегі Мария Магдалина суретіне қатты ұқсас, алайда бұл жерде егде әйел сияқты.

Әй, бауырлар, Құдайдан үмітіміз бар шығар. Әлде қазақ өнері өн бойынан кәкайдың небір көкесін өткізіп жатса да қыңқ етпейтін қоғамдық кәріз жүйесіне біржолата айналып болды ма? Олай болса ондай өнердің кімге керегі бар? Осы біздің әулекі әншілер кімді, қандай музыканы насихаттап жүр? Мынау дегенің христиан әлемінің қаны сорғалап тұрған жарнамасы ғой! Өзі Иса мәсіхтің шарапатын көрген бойжеткен болса... Жүгенсіз кеттік қой. Кімнің не білгені бар? Ендігі жерде кәкайдан ысқырық жасап тартпаған неміз қалды. Ортаға ой салайық та!
Берік Жүсіпов
Facebook-тегі парақшасынан

 




Көрілген: 1864    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.09.2014, 09:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31