Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады...

Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады...

Бүгін "Радиоточка" сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым.
Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді.
Рудан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Ру - қазақ болмысының бір бөлігі. Қандағы қанттың мөлшері сияқты дүние. Қантсыз қан болмайды. Мүмкін емес.
Қант жеткіліксіз болса адам ағзасындағы заттар айырбасы нашарлап, жүрек ауруларына соқтырады, мидың қоректенуі нашарлап, адам жиі есінен танып, тіпті комаға кетіп жатады.
Қант мөлшері тым көп болып кетсе, бұл қатерлі ауруларға, әсіресе диабетке апарып соқтырады. Адам ағзасы дұрыс жұмыс істемей, ішінен шіри бастайды. Аздық та, көптік те адам өліміне апаруы мүмкін.
Яғни, руымызды, жеті атамызды білу міндет. Бірақ оны міндетсінуге жол жоқ. Руын, тарихын білмеген адамның толыққанды қазақ болуы екіталай. Себебі жан-дүниеңнің үлкен бір бөлігін білмеу, түсінбеу, оған тиісті мән бермеу трагедия, рухани өлім, мәңгүрттік.
Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Ру тарихы - қазақ тарихының құрамдас бөлігі. Оны зерттеу, білу бөлінуге емес, бірігуге итермелеуі тиіс. Себебі ру о бастан бөліну үшін емес, бірігу үшін құралған қоғамдық институт. Оны қазақтың ішіне іріткі салу үшін зерттеп, біліп жүргендер қазақ ұлтының да, өз руының да жауы, кеще, надандар.
Яғни қоғамымыз қашан да ағзадағы "қанттың мөлшерін" реттеп отыруы керек. Осы мәселемен айналысып жүрген әрбір азаматтың құлағы түрік, көкірегі ояу болуы тиіс. Рудың қазақ тарихы мен болмысындағы рөлін төмендетуге де болмайды, оны абсолюттендіруге де болмайды. Алтын ортамен жүріп өту қажет.

Айдос Сарым
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста