Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне "за вредность" сүт беру керек

  • Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне

    Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне "за вредность" сүт беру керек

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне ,,за вредность" сүт беру керек)))))) Құдайым-ау, небір мықты шығармаларды еңіреп тұрып, ішің қан жылап тұрып оқытып жатсаң, санасында құндылық жайлы, елдік, тәуелсіздік, тіл жайлы саңылау да жоқ "шыны көз қаракөзді" көріп күйіііп кетесің, күүүүййййіпп тұрғаныңда сүт керек-ақ))) Бүгін Т.Әлімқұловтың " Қараойын" оқыдық. Ғажап. Жаның жыламай оқу мүмкін бе? 22 жыл мұғалім болғанда дүркін-дүркін оқыдым, әрдайым ішім әлем-тапырақ болады. Әрбір сөзін ұқпай қалмаса екен деп, тәптіштеп оқимыз, түсіндіреміз, әрбір әрекетті талдаймыз. Махамбетпен бірге ширығып, Махамбетпен бірге күйрейміз, күйзелеміз. Сөйтіп зікір салған бақсыша делсал боп отырғанда немесе тау қопарардай күш-қайратың тасып тұрғанда алдыңдағы 25 баланың біреуі ӘЛЕМІҢДІ бір түйіршік-сөзбен күл талқан қылады-ау. Сондайда СҮТ КЕРЕК! Бәрі де сондай емес енді))) Бізді шабыттандыратын да сол оқушыларымыз ғой, бейкүнә жүздері мөлдірееееп, танауы желбірееп тыңдап, құлшынып отыратыны басымырақ.
Махамбет ақтық рет " Әуес" деп, сылқ етіп сұлап түсті ..... Неге?
Махамбет бестегі бөбегінің ұйықтайтынынан ғана дәметеді.... Неге? Үміт! Үміті сөнбеу ..Арыстан ұлдарының өлімі көкірегін қарс айырса да иіс алмас бес жасар ұлынан үміттенуі... Болашағын ойлауы... Сегіз жыл сар далада сүйгеніне сүйеу боп жүрген, жалғыз ғана риясыз сеніп, демеу боп жүрген Әуесі ше? Неткен шыдамдылық, неткен сенім, неткен Адалдық!
КҮНДЕ ОСЫНДАЙ КЕРЕМЕТ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ - ҒАЖАП ЖӘНЕ АЗАП. Басқа пәннен берсем, қосып, көбейтіп, тартылыс күшіне тамсанып, валенттілікті есептеп, жасушаларды микроскоппен қарап, хандық құрған жылдарды жаттатып, миыма салмақ түссе де, жаныма салмақ түспес еді-ау.

СРОЧНО СҮТ КЕРЕК БОП ТҰР!!!

Құралай Мұқышева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1293    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30