Қазақ тілі реанимацияда. Тоқ соқтырып, жан бітіретін латын қарпі

07 қараша 2019, 09:29

Мықты мемлекетте империялық амбиция болады. Өйтпейінше дамымайды, дамыған елдерге сіңіп кетеді. Ол заңдылық.
Қазақтың болашақ әліпбиін латын қарпіне ауыстырғысы келетін тіл мамандары осыны ескерсе екен. Яки түркі елдеріне үлгі бола алатындай, келешекте ортақтасатындай болуы тиіс. Әлбетте үндестік заңы ескерілуі керек, компьютерге салғанға ыңғайлы болуы тиіс. Түркі елдерін біріктіретін күш – сана (тіл), атамекендері қазақ даласы (оның беті құнарлы, асты кенге толы) бізде бар. Жетпейтіні біреу ғана. Ол мінез. Яғни тектілік. Рухани жаңғырғандар жүзеге асыра алады. Саяси тұрғыда. Бірақ оған дейін грамматиктердің басы бірігуі керек. Менмендікке салынбай, өзара ақылдасқандары жөн. Жастарды араластырса жақсы-ақ. Қазіргі жастар мен орта жастағылар өзгеше ойлайды. Елуден асқан аға-әпкелеріміз (барлық салада) өзімшілдікке салынбаса екен!
Түркі әлемінің біріккені қамыс шақайдан калашниковке дейін дамыған орысқа да, арзан жұмыс күшімен әлемді қорқытқан қара қытайға да, жыландай ирелеңдеген жазуы бар арабқа да, адам құқығын алға тартып, (бір жыныстыларды қолдай отырып, адамды аздыратын) өзіне керегін ғана алып келе жатқан батыс елдеріне де керек емес.
Осы мақсат орындалмаса, түркі елдерінің алды қараң. Біртіндеп жұтылып та жатыр. Жеке шапсақ, болдырамыз.
Қазақ тілі реанимацияда. Тоқ соқтырып, жан бітіретін латын қарпі.

Айдос Жұқанұлы
Фейсбуктегі парақшасынан