Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ тоймен, дүниемен, киіммен, телефонмен емес, оймен, біліммен жарысса екен

  • Қазақ тоймен, дүниемен, киіммен, телефонмен емес, оймен, біліммен жарысса екен

    Қазақ тоймен, дүниемен, киіммен, телефонмен емес, оймен, біліммен жарысса екен

"Жүгермектер кəмпиттен түк қалдырмапты. Тас жегірлер. Қонаққа деп алып қойған кəмпит еді. Жақсы кəмпит еді. Қымбат кəмпит еді. Өздерінің де жанын шығардым" деп əйел бұрқ-сарқ ашуланды. "Жесе, өз балаларыңыз жеді ғой. Кəмпитке бола сонша қарғап-сілемей-ақ қойыңызшы. Əке-шешесі көп ұрысқан баланың жүйкесі əлсіз болады. Сосын сабақты да нашар оқиды. Ештеңеге қызығушылығы болмайды" дедім. Əйел "Бұлар əкесіне тартқан көкми, сабақты мен ұрыспасам да, нашар оқиды" деді жаратпай. Үнсіз қалдым. Ашулы ғой деп ештеңе айтқым келмеді.

...Осы бəрімізде бала кезімізден шешеміздің "қонаққа" деп жақсы тəтті, кəмпиттерді тығып өскенін көріп өстік қой. Сол кəмпиттерді жегіміз кеп аузымыздың суы құритын. Бірақ жеуге тыйым салынған. Көбіміздің үйімізде ең жақсы, жаңа көрпелер де қонаққа "сақтаулы" тұр. Бұл - біздің менталитет.

...Бірде Астанада бір құрбымның үйіне бардым. Дүкеннен бірталай зат алды. Дүкеншінің құлағына "қарызға жазып қойшы" деп мен естіп қоймасын деп сыбырлап жатқанын естідім. "Мен төлейін" десем, "жоқ, сен менің қонағымсың" деп ренжиді. Мен де ренжідім. Дастарханға керекті, керексіз көп нəрсе алыпты. Əрі қарызға. "Қонаққа бір тамақ пен бір салат жетеді ғой. Үйіңде не бар, соны дастарханға "құрастырып" қоя салмадың ба..." десем, "ұят қой" дейді. Ал менің танымымда ұят деген басқа нəрсе.

...Қазақты мақтағаннан мүйіз шықса, мына маған шығу керек еді. Біздің билік мақтау мен өзіне біреудің жағынуын қандай жақсы көрсе, көптеген қарапайым адамдар да сондай мінезге бой үйретіпті. Қазаққа қатысты сəл сын айтсаң, "қазақты жамандап жатыр" дейтін бопты. Мұндай шектеулі түсініктегі адамдарға түсіністікпен қараймын. Қазақ тоймен, дүниемен, киіммен, телефонмен емес, оймен, біліммен жарысса екен.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30