Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ ұлтсызданудың зардабын тартып, соның салдарынан әлі айыға алмай жатқан ұлт

  • Қазақ ұлтсызданудың зардабын тартып, соның салдарынан әлі айыға алмай жатқан ұлт

    Қазақ ұлтсызданудың зардабын тартып, соның салдарынан әлі айыға алмай жатқан ұлт

Дархан ағамыздың «Ұлтшылдық деген өте үлкен комплекс және өте үлкен күнә» деген сөзін әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр екен. Бәрі оны бөлісіп, осыған дейін ешкімнің миына да кірмеген бір тосын сөз құсатып беріпті. Дінде де ұлт деген ұғым жоқ, умма (үмбет, мұсылман үмбеті) деген ғана бар. Дәкеңнің бұл сөзінде осындай діни астар жатқандай болып көрінді. 1984 жылы, коммунистердің қылышынан қан тамып тұрған кезде Ғабиден Мұстафиннің «Біз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбіз, енді ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттік» деп болашақты болжағандай қылып айтқан керемет сөзі бар. Қазір қазақ сол ұлтсызданудың зардабын тартып, соның салдарынан әлі айыға алмай жатқан ұлт. Сондықтан оны бір рамкаға тыға салып, оған «ұлтшылдық» деп баға бере салуға мүлдем болмайды деп ойлаймын. Ол - ұлтшылдықтан гөрі ұлтсызданумен күреске көбірек ұқсайды. Ұлт деген тірі организм сияқты ғой. Біздің ұлтымыз - тілінен, ділінен, дінінен айырылып болып, қазір енді қайтадан етек-жеңін жинау үшін жанталасып жатыр. Әбден ұлттық иммунитетінен айырылып біткен мұндай ұлт жаһандану процесіне төтеп бере алмай, әлемдік өркениеттің канализациясынан шыққан нәрселерді өзіне губка секілді сіңіріп алады екен. Осындай делқұлы, есі кіресілі-шығасылы болып тәлтіректеп тұрған ұлтты әлемдік өркениеттің жетістігімен байыта беру керек дегені де – оған (ұлтқа) суицид жасатқанмен бірдей сөз. Ал ол кісінің қазақ хандығы туралы өкінгендей болып айтқан ана сөзін – өткенге өзінше баға беруге тырысқан ревизионистік көзқарас деп қана қабылдадым!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31