Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ үшін тектілік ұғымы қастерлі де қасиетті ұғым

  • Қазақ үшін тектілік ұғымы қастерлі де қасиетті ұғым

    Қазақ үшін тектілік ұғымы қастерлі де қасиетті ұғым

Ертеректе ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, төрткүл дүниеге əмірін жүргізген бір хан болыпты.Бұл дүниенің өткінші рахаты мен қызығынан əбден мезі болған хан, бір күні Қызыр бабаны көргісі келіп: "Маған Қызыр бабаны көрсеткен адамға ат басындай алтын берем" - деп жарияға жар салады.Өкінішке орай ханның тілегі бірден бола қоймайды. Бір күні үсті-басының сау-тамтығы жоқ, бір жарлы ханға келіп:"Ат басындай алтыныңды берсең, бір жылдан кейін Қызыр бабаны көрсетем" - деп шарт қояды.Қызыр бабаны көруге ынтыққан хан жарлының айтқанына көнеді. Айтқан мерзімі де келіп жетеді.Алайда жарлыдан хабар келе қоймайды.Хан дереу жасауылдарын аттандырады.Жарлының үйіне барса, ол байғұс:"Мен көз ашқаннан өз қолым өз аузыма жетпей, жоқшылық тауқыметін тартып өстім.Қатты қиналып жүргенде ханның жарлығын естіп,ойым бұзылды.Ат басындай алтынды алып,ең болмағанда ғұмырымның бір жылында шалқып өмір сүрейін деп ойладым. Бұдан кейін басымды алса да разымын" - дейді. Жасауылдар мұны естіп жаза беру үшін ханға алып келе жатқанда,жолшыбай бір бала жолығып: " Мені де ханға ертіп апарыңдар" - деп жасауылдарға ере келеді.Болған жайды естіген хан терісіне сыймай қатты ашуланып, кəріне мінеді.Ханның үш уəзірі болатын.Жарлыға жаза беру үшін бірінші уəзірінен ақыл сұрайды. Ол:" Бұл дарға асып өлтіруге əбден лайық адам" - деп өз үкімін береді.Сол сəтте жасауылдарға еріп келген жасөспірім:"Əркім өз тегіне тартады"- деп қалады.Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ түре қоймайды.Екінші уəзірінен ақыл сұрағанда:"Бұл жүз дүре соғуға лайық адам" - деп кесімін айтады.Сонда əлгі жасөспірім тағы да:"Əркім өз тегіне тартады" -дейді.Бұл жолы да оның сөзіне ешкім мəн бермейді.Үшінші уəзірінен ақыл сұрағанда:"Тақсыр, мына бейшара тіршіліктің тауқыметін көп таотып,тағдыр сынағына шыдас бере алмай,жалғандыққа барды.Сіз үлкен адамсыз, үлкендігіңізді жасап,мұны кешіре салыңыз"-дейді.Сол сəтте əлгі жасөспірім:"Əркім өз тегіне тартады"-дейді.Бір емес,бірнеше рет сөзін қайталағаннан кейін,хан амалсыздан əлгі жасөспірімге қарап:"Шырағым, сен кім боласың,не үшін бұлай дедің?"-дейді. Сонда жасөспірім:"Бірінші уəзіріңіз"дарға асу керек" деп үкім бергенде,"əркім өз тегіне тартады" дегенім, бұл уəзірдің əкесі сіздің атаңыз хан болғанда,оның адамдарды дарға асып өлтіретін жандайшабы болатын.Бірінші уəзіріңіз көзін ашқаннан əкесінің ісін көргеннен кейін,өз көргенін айтқвн еді.Екінші уəзіріңізден кесім сұрағанда,оның "жүз дүре соғу керек"дегені,мұның да əкесі сіздің атаңыз хан болғанда,дүре соғатын жасауыл болған еді.Бұл да əкесінен көргенін айтты.Сондықтан мен"əркім өз тегіне тартады"дедім. Үшінші уəзіріңіздің кесімін естігенде "əркім өз тегіне тартады" деуімнің себебі,бұл уəзірдің əкесі сіздің атаңыздың уəзірі болған еді.Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап əкесінің тəрбиесін көрген уəзір əділ үкім берді.Шын уəзіріңіз осы болады,-дейді.Мұны естіген қалың бұқара шынашақтай баланың көрегендігіне тəнті болады.Сөйтіп сөзін бітірген жас өскін көзден ғайып болады.Бəлкім ханның көргісі келген Қызыр бабасы осы жас өскін шығар.... - деп аяқталады аңыз. Бұдан шығатын түйін: қазақ үшін тектілік ұғымы қастерлі де қасиетті ұғым. Ата-бабамыз тектілікке қатты мəн берген. Біздің салт-дəстүріміздің өзі тұнып тұрған тектілік емес пе?Тектілік тəрбиемен беріледі деп ойлаймын.


Tusiphan Tusipbekov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 987    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30