Қазақ зейнетерлерінің ішінде самалётқа отырып көрмегендер көп
Соғыс болып жатқан Украинада бірінші туылған балаға 2 миллион теңгеден көп ақша береді.
 
Қасындағы Батька кет деп күніге митинг жасайтын Белоруссияда да, Украинада да балалар 3 жасқа дейін айына кемінде 70 000 теңгеден айлық жәрдемақы алады.
 
Ресейдің өзінде балалар 1.5 жасқа дейін жәрдемақы алады. Әрі Ресейдегі аналық капитал жайлы айтсам отыра қалып бәріміз жылағымыз келеді.
 
Неге біздің балалар тек 1 жасқа дейін ғана жәрдемақы алады? Бізде жұмыс өтіліне қарамай бала күтіміндегі әйел үшін айлығынын 40%-ын берсе, Украинада жұмыс өтілі 8 жылдан асқан аналар 100% айлығын алады.
 
Осы мәселелерді  Мейрамхан Жәпек ханым да жақсы айтып өтті.
 
Екіншісі мәселе зейнеткерлік жасы туралы.
 
Өзім қатарлы жігіттердің 70-80% ының әкелері жоқ. Бәріміз ауылдан шыққанбыз.
 
Қазақстанда еркектер әйелдерге қарағанда 8.5 жыл аз өмір сүреді. Еркектер үшін орташа өмір сүру 67 жас делінеді.
 
Біздегі зейнеткерлік жас 63 болса 3-4 жыл өмір сүріп көбісі өмірден озады екен.
 
 Бұл Қазақстан бойынша орташасы. Ауылдағы орташа жас бұдан да төмен.
 
Германия мен Англияның зейнеткерлері зейнетақысын үнемдеу үшін Түркия мен Кипрге барып 3-4 айдан демалып, круиздармен ел араласа қазақ зейнетерлерінің ішінде самалётқа отырып көрмегендер көп.
 
Жалпы ауыл халқына осы күнге дейін мән берілмей келді.
 
 
 
Сабит Рысбаев
Фейсбуктег парақшасынан