Қарағанды жақтағы Шешенқара ауылының маңында америкалықтар шошқаны селекциялаумен айналысатын үлкен ғылыми-зерттеу орталығын салғалы жатыр. Облыс әкімі осыған арнап Бұқар Жырау ауданынан 200 гектар жер бөліпті, 200 гектар! Вьетнам мен Филиппинде де осындай орталық бар екен. Қазақстан енді солармен бәсекелесіп, шошқаның етін Қытай мен Ресейге таситын экспортер атанбақшы. Вьетнам мен Филиппин мұсылман мемлекеті емес, оларды түсінуге болады. Арам шошқаның етін жемек түгілі маңына да жоламаған, шошқа басқан жерді айналып өткен қазаққа енді соның етін сатып, ақша табу ғана қалыпты, сұмдық қой!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан