Сен тұр - мен айтайын!

Қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек

  • Қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек

    Қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек

 Мұхтар Мағауин: «Мұсылман діні күшейіп келе жатыр» деп қуанып едік, бұл жаңа ағым қазаққа жау болып шықты. Өйткені олар қазақтың салт-дәстүріне қарсы, тіпті Құран қалыптастырған діни терминдерді бұзды. Қазақ бұрын «шариғат» дейтін еді бұлар «шарият» деді, Алланы – Аллах дейді, арабшаның өзінде Аллах емес екен.

Олар айтса керек еді: «Ұлттың тілін сақтаңдар, әдепті болыңдар, ата-ананы сыйлаңдар», – деп. Бұларда ол жоқ, барлық насихат қазаққа қарсы: «Келін ата-енеге иіліп сәлем салмауы керек, Аллаға ғана иілуі керек», – дейді. Келін ата-енеге ғана емес, жасы үлкеннің бәріне иіліп сәлем береді. Аруақ жоқ дейді, аруақ жоқ болса, қазақ та жоқ. Айта берсек, әңгіме көп.
Содан кейін мың жыл тұрған әулие ағашты өртеді, ол – табиғаттың өзгеше құбылысы. Германияда сондай бір ағаш бар екен, олар оған тимеген, фотосын қиып алып сақтап қойдым. «Бейіт салуға болмайды, ас беруге болмайды», – дейді.

Бұл – қазаққа қарсы шыққан нәрсе, ал қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек. Бұған жол беруге болмайды, кейінгі жастарды аздырып барады.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.01.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31