Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстан – кедейлер елі...

  • Қазақстан – кедейлер елі...

    Қазақстан – кедейлер елі...

42500 теңгені береміз деген біраз адамға үміт сыйлaды. Бірақ бұл механизмі қиын іс болатын түрі бар. Оның үстіне қазіргі жағдайда жұмысынан айырылып қалған біраз адам, бұл көмекті ала алмайтын сияқты. Неге?

Өйткені бұл қаржыны алу үшін жұмыстан шығып қалғаныңды немесе қаржы табу мүмкіндігі тоқтағанын дәлелдеу керексің. Оны дәлелдеудің бір ғана жолы - зейнетақы қорына ай сайынғы салымыңның түсіп тұруы.

Алайда Алматы, Астана мен Шымкент қалаларында еш келісімсіз жүз мыңдаған адам еден жуушы, аспаз, даяшы, ыдыс-аяқ жуушы, жүк тасушы, аула сыпырушы, күзетші болып қызмет етеді. Олардың барлығы да айлықты қолма-қол алады. Яғни зейнетақы қорына қаржы аударылмайды. Демек статистика бойынша олар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санатында.

Енді міне карантин. Үш қаланы қоссақ, жоғарыда айтылған салада жүз мыңдаған адам жүр. Тіпті миллион шығар. Оларға мына 42500 теңгені алу мүмкіндігі аз сияқты. Өйткені жұмыстан айырылып, ақша табу мүмкіндігі тоқтағанын дәлелдей алмайды. Базада олар бұған дейін өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер деп тұрған, қазір де солай тұр. Сондықтан аула сыпырушы, еден жуушы, даяшы, ыдыс жуушы, жүк тасушы, базарда кішігірім ұсақ-түйек сататындар қатты қиналатын сынды. Олар адал жолмен, маңдай термен ақша тауып жүрді де, мына пәлекеттен кейін ол мүмкіндігінен айырылып қалды. Бұл жандар карантин қаншалықты ұзаққа созылса, соншалықты қаржылық тапшылық көретін болады.

Өзімізді өзіміз несіне мақтаймыз? Қазақстан жер асты бай мемлекет болғанымен, жер үстінде кедейлер өмір сүретін ел. Халықтың 95%-ында қиын күнге деп жинаған қоры жоқ. Мемлекет жоғарыда айтылған жандарды да қолдау тетігін табуы тиіс деп санаймын. Бастысы үміт қой. Тым болмағанда әр адамға екі ай бойы 45-50 мыңнан берсе, ол біраз жанға үміт сыйлар еді. Біраз млрд доллар кетер, есесіне билікке деген сенім оянып, ертеңгі күнге сәл болсын сенер еді. Ұлттық қорды осындай қиын-қыстау уақытқа жинадық қой. Ертең бұл сынақтан аман шықсақ, кеткен қаржыны халық қайта толтырып қояры анық!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1887    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 12:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31