Қазақстанды отаным деп санамайтындар мен күні үшін жүргендер кетіп жатыр
Ресейге ең ақылды адамдар ғана (лучшие умы) кетіп жатқан жоқ.  Ресейге &ndash 30 жыл бойы қазақша үйренбеген, әлі де үйренгісі келмейтіндер де кетіп жатыр.
 
Иә, оның арасында күнкөрісі үшін тарихи отанына көшіп барып жатқандар да бар. Ресейдегі әлеуметтік жағдай да, әртүрлі төлемақылары да бізден 5-6 есе көп екені өтірік емес.
 
Бірақ оны ең ақылды адамдар кетіп жатыр дегеннен гөрі, Қазақстанды отаным деп санамайтындар мен күні үшін жүргендер де кетіп жатыр, сөйтіп елде табиғи сұрыпталу болып жатыр деп айтқан дұрыстау болады деп ойлаймын.
 
Қазақстан енді тәуелсіздік алған 90 жылдардың басында тура сондай жағдай болған. Сол кезде империяның құлағанын ауыр қабылдаған кәрі шовинистер бұл жақта тұрақтап қала алмай, алғашқы көшпен  тарихи отанына кетіп қалған.
 
Қазір де сол процесс қайталанып жатқан сияқты.
 
Кім не десе де, өзім бұл кетісті қазақ халқы үшін, Қазақстан үшін қайырлы нәрсе деп қана қабылдаймын!
 
 
 
 
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан