Сен тұр - мен айтайын!

"Қазақстанға келмейді екен, өйткені біз ондаймыз, мұндаймыз" деді біреулер

  • "Қазақстанға келмейді екен, өйткені біз ондаймыз, мұндаймыз" деді біреулер

Бұл жай ғана оңтүстікте өрік гүлдеді деген сурет емес... Мұның мәні тереңде...
Қанша күн, қанша ай болды күнде әңгіменің бәрі әлгі бір қауіпті кесел жайлы боп кетті ғой. Тіпті сол ақпараттарды "ыстық пирожкидей" таратуға өзіміз де атсалысып жатырмыз.
"Қашан келеді, қашан келеді?" деп ұлардай шуладық.
"Қазақстанға келмейді екен, өйткені біз ондаймыз, мұндаймыз" деді біреулер.

Сосын "наконец-тоны" қылжақтау басталды.
Сөйтіп жүріп ақыры міне келтірдік.
Енді күнде санап жүрміз, қанша болды деп.
Түсінем, қорқыныш қой, өзіміз, ата-ана, бауыр, туған-туыс үшін... Соларға жоламаса екен деген...
Бірақ арамыздан осы жағдайды пайдаланып бағаны қымбаттатып, осы жағдайды пайдаланып түрлі жазба таратып, елдің ұшқан үрейін одан сайын ұшырып жатқандар бар.
Сондайларға не жорық?!.
Дәл қазір бізге үрейді үдету емес керегі, керегі - үміт отын үрлеп жағу керісінше.
Әйтпесе, шыны керек, аспанды қара бұлт торлап алғандай, жаның құлазып кетеді екен.
Соның бәрі ақпараттың тым көптігінен.
Осындайда миды демалту керек сияқты меніңше.
Бір сәт айналаға, мәселен табиғатқа қарап қуат алу керек.
Дәл қазір жан-жағымызға қарайықшы, ақырзаман орната бермей.
Аспанда күн шығып тұр ма? Шығып тұр.
Құдайға шүкір, құстар сайрап, көктем белгісі білініп, міне, ағаштар гүлдеп жатыр.
Яғни тіршілік тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр, тоқтамайды да.
Яғни, боран да басылады,
аспан да ашылады,
қар басқан қара жерді қайтадан көк шалғын жасырады...
Бұл - бір уақытша ғана сынақ.
Мына гүл ашқан бұтақты көргенде менде осындай ой туды...
Яғни, бұл - үміт гүлі...
Ақша да емес, басқа да емес, адамға ең керегі өмір ғой.
Ал өмір сүру үшін адам үміттенеді әлденеге.
Армандайды
Ендеше, үмітімізді үзіп алмайық.
Өзіміздің де, өзгенің де...
P. S. Photo by myself)

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31