Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстанның басына күн туса, кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады

  • Қазақстанның басына күн туса, кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады

    Қазақстанның басына күн туса, кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады

  • Қазақстанның басына күн туса, кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады

    Қазақстанның басына күн туса, кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады

Шетелдік инвесторларды жылжымайтын мүлік саласына көптеп тарту үшін Түркия үкіметі азаматтық алу мәселесін де едәуір жеңілдетіпті. Енді бұдан былай сол жақтан 250 мың долларға үй сатып алғандар бес жылдан кейін азаматтыққа өтініш бере ала алады. Ол үшін осы бес жылдың ішінде елде болмаған күндерінің саны 180 күннен аспауы керек екен. Азаматтыққа өтініш бергеннен кейін сатып алған пәтерін 36 айға дейін қайтып сата алмайды. Түркиядан үй алып жатқандардың көбі қалтасы қалың, жағдайын ойлап кетіп жатқандар. Негізі, дәл қазіргідей елең-алаңда Түркияға кетіп бара жатқанын, сол жақтан үй сатып алып жатқанын жазудың, төндіре берудің қажеті жоқ сияқты. Ұшарын жел, қонарын сай білетін, ешқандай жауапкершілігі жоқ біреулер секілді болып көрінеді ондай адамдар. Ол жаққа кеткен күннің өзінде де, үй сатып алған күннің өзінде де оны жар салып (мақтанып) жазатындардікі дұрыс емес. Ұрлап-жырлап әбден байып алғандар да шетелден бір-бір үй алып алған. Ертең Қазақстанның басына күн туса, суға батып бара жатқан кемеден қашқан крысалар құсап солар бірінші қашады, көресің. Елде кім қалады сонда? Түркиядан үй алған бір қазақтан сондағы риелтор түрік «Сендерде соғыс болып жатыр ма?» деп таңғалып сұрапты. Бейбіт күнде өстіп дүрлігіп жатсақ, ертең жағдай басқаша болса қайтер екенбіз?! Мен өзім еліріп отырып сондай пост жазып отыратындарды әпенділеу, жауапсыз адамдар деп ойлаймын.

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1269    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.02.2021, 11:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30