Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстанның қай түкпірінде барсақ та, отандық супермаркеттер желісі жарқырап тұруы тиіс

  • Қазақстанның қай түкпірінде барсақ та, отандық супермаркеттер желісі жарқырап тұруы тиіс

    Қазақстанның қай түкпірінде барсақ та, отандық супермаркеттер желісі жарқырап тұруы тиіс

Осы айдың басында Ресейдің Челябі облысынан Қазақстанға кіріп келе жатып біраз мәселелердің барын байқадым. Таңқаларлығы, Қостанайға келгенімде бойымда әлі елде жүргендей сезім болмады. Маған Ресейдің кәдуілгі ұлттық губернияларының бірі секілді көрінді. Елбасымыз үнемі айтып жүретін тәуелсіздігімізді - орталық құндылық ретінде белгілей алсақ та, оның қамтамасыз етілуінде кемшін тұстар әлі де болса жетерлік екен.
Соның бірі Конституцияда бекітілген унитаризм қағидасының, вертикалды әкімшілік-саяси басқару тетігін қоспағанда, экономикалық-әлеуметтік, тіпті идеологиялық ұстындары сын көтермейтінін көрдім. Бұрындары, жергілікті әкімдер халықпен тікелей сайланып, өзін-өзі басқаруды жеделдетіп енгізу керек деп жүруші ем, Қостанайдағы жағдайды көрген соң, ойымнан жеріп, уақытша бас тарта тұру керектігін түсіндім.
"Пятерочка", "Fix price" секілді ресейлік дүкендер желісі көзіме жылыұшырағанмен, қазақстандық тауарларды айтпағанда, отандық дүкендер желісінің жоқтығы көңіліме кірбің ұялатты. Қалталы азаматтарымызды қолдап, мемлекеттік тілде әдемі атауы бар (мәселен сүт өнімдерін сататын "Вкус вилл"-дің орнына жүре алатын "Qaymaq" секілді дүкендер бар ғой) дүкендер желісін Қазақстанның барлық аумақтарында қаптатып ашып тастауға не кедргі келтіріп отыр!? "Атамекен" КҚП-мен бірлесе отырып мемелекет тарапынан тиісті жеңілдіктер жүйесі қарастырлса (5 жылға дейін салықтық жеңілдіктер жасау, субсидиялық қолдау, тегін жер учаскелерін беру, инфрақұрылым тарту т.с.с.), дәп осы мәселе 1-3 жылда-ақ шешім табатына сенімім мол.
Содан, сұрастыра келе "Пятерочка" дүкенін жергілікті тұрғындардың өз бетінше Ресейге еліктеп ашып алғанын білдім. Бір қарағанда дүкендер желісінде тұрған не бар деп те ойлауымыз мүмкін, алайда қызмет көрсету орталықтары тауарларды ғана сатып қоймайды, сонымен қатар идеологиялық образдарды да қалыптастыратынын ескерген жөн. Сарыағашқа, Шемонайхаға, Оралға, Қостанайға, бір сөзбен айтқанда Қазақстанның қай түкпірінде барсақ та, бір ғана атаумен танымал отандық супермаркеттер желісі бәсекелесе бой түзеп, тәуелсіздіктің самаласындай жарқырап тұруы тиіс. Осыған жағдай жасауымыз керек.

Елге келіп, ауылда біраз жатқан соң, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына ат басын бұрдым. Көркіне көз тоймайды. Жауыңның пәті қайтып, мысы басылатындай-ақ сұлу қала екен. Бұл Мәскеумен салыстырғанда туған ой. Еуроазияның қақ ортасынан, айналдырған 23 жылдың ішінде, сән-салтанаты келіскен әсем қала тұрғызу - еліміздің ең ірі жетістігі деп білемін. Құрылыстың қарқынына қарап, ендігі 10 жылда қала бұдан да құлпыра түсетініне еш күмәнім қалмады. Мәскеу - жайбарақаттықты сүймейтін, асыға басып, атылып тұрғандардың қаласы болса, Нұр-Сұлтан - үдемелі өзгерістерді көзбен көріп, көңілге түйіп өсетін жасампаздардың қаласы секілді. Сондықтан да, еш именбестен осы мүмкіндікті жастар жағы, әсіресе оңтүстік өңірдің тумасы тиімді пайдалана білсе, шаңырағымыздың құты еселене түсетініне сенемін.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сабақтастық саясаты аясында жүргізіп отырған бұхарашыл реформалары - түбінде елімізді оң өзгерістерге алып келеді. Әрине толқымалы өмір, аумалы заман, оның үстіне елді жайлап бара жатқан індет, сенімді шайқалтып тұрғаны рас. Бірақ, мұның бәрі тәртіп пен әділеттің салтанат құруына орай түбі оңалатын дүниелер.


Қазыбек Дәуітәлі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30