Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстаным батып бара жатқан кеме секілді болып көрінеді екен.

  • Қазақстаным батып бара жатқан кеме секілді болып көрінеді екен.

    Қазақстаным батып бара жатқан кеме секілді болып көрінеді екен.

Кейінгі күндері шетелге кеткісі кеп отырғанын жазғандардың посттары көбейіп кетті. Бұгін лентадан осындай 4 пост оқыдым ғой деймін. Шетелге барып ақша тапқысы келеді, жағдайын түзеп алғысы келеді, оның бәрін түсініп отырмын. Биылғы жылды жастар жылы деп еді, ол да аяқсыз қалып бара жатқан сияқты. Біздегі айлықпен жан баға алмайды. Мәшине алғысы келгенде, үйленіп жатқанда, қаза мен қуаныш кезінде де кредит алатын болдық. Одан кейін онсыз да айлығы шәйлығына жетпей отырғандар тағы кредит жабумен күн өткізеді. Пәтер алайын десе, үй қымбат. Бір үйдің ақшасын он есе қылып қайтарасың. Бәрін монополиялап алған. Осының бәрінен түңілгендер Асан қайғының жерұйығын іздеп, шетелге барып көргісі келеді. Бірақ, айналайындар, кететін болсаңдар үндемей-ақ, елді шулатпай-ақ кете берсеңдерші. Халықты өмірден түңілдіре бермеңдер. «Жаман қатын кетем деп қорқытады» дегендей, кететін адам үндемей-ақ, түндемей-ақ, шабаданын жинап алып кете береді. Сендердің посттарыңды оқығанда, Қазақстаным батып бара жатқан кеме секілді болып көрінеді екен. «Первыми с тонущего корабля бегут крысы» дейді орыстар. Егер шын бататын болса, біз-ақ соңына дейін кемеде қалып, кинодағыдай сол кемемен бірге батып кететін экипаж мүшелері болайық. Не көрсек те көппен бірге көре жатармыз, еншалла! 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1519    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31