Сен тұр - мен айтайын!

Қазақта ынсап деген нәрсе қалмаған-ау...

  • Қазақта ынсап деген нәрсе қалмаған-ау...

    Қазақта ынсап деген нәрсе қалмаған-ау...

"Алатау" дәстүрлі өнер театрына балалардың би байқауына барып ем бүгін) Орамал таққан екі семіз қатын тырыли арық күйеулерін қабақтарымен жүгіртіп фоэде шәй, шырын, тәтті мен қамырдағы сосиска, пирәжки, самса, пицца сатып тұр екен. Түскі үзілісте қарыны ашқан кіл бала жабылып берді ғой. Енді ана кісілердің сату бағасы сұмдық... көшеде 100 теңгеден сататын сосисканы 200 теңгеден,дүкенде 150 теңге тұратын минерал суды 250, мектепте 180 теңге тұратын пиццаны 500 теңгеден ұрып жатыр. 50 грамм қара шәйің -150...


Ондай жарысқа ауылдан келген фанат мұғалімдердің оқушылары мен орыс ағайынның балаларына көп қатысады ғой) Орекеңдер бағасын сұрап бұрылып кетіп жатты. әдетте олардың сөмкесінде 2 жұмыртқа жүрмей ме, соларын құнжыңдады-ау. "Неге қымбат?" деп қап ем, семіз қатын жуан қолымен бетіме бір салатын сияқты болды да, "Ондай болса алма..." деп дүң етті. Алмағанда қайда барасың, ұл қылқылдап қоймай тұр әрі кезек, жоқ дегенде 200 бала тұр артымда...


Шала піскен сосиканы шайнаңдап тұрып ойладым да: неге сонша ынсапсыз болып кеттік деп) Әлде қандай жағдайда болмасын пайда көріп қалу өмірдің, нарықтың заңы ма?


Жоқ, баяғыда базар өртенгенде 5 сөмкеге 50 мың сұраған таксиды көргем, ауылда адамы өлген қаралы үйге келетіндерді жолдан аңдып, артық баға алатын таксиге де мінгенбіз, олардікі дұрыс шығар, түсінгенбіз іштей, бірақ кілең бала жиналған жерге 2 есе баға қосып сатқан семіз қатындарды кешіре алмадым...


Тіпті 5 теңгесі жетпей қалған балаға пицца бермей қойды ғой, күйдіріп) 


Қалмаханбет Мұқаметқали

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1626    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31