Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтан асқан ақылман ел жоқ сияқты көрініп кетеді тіпті

  • Қазақтан асқан ақылман ел жоқ сияқты көрініп кетеді тіпті

    Қазақтан асқан ақылман ел жоқ сияқты көрініп кетеді тіпті

Осы күнде осы фб-да не көп, айтқыш көп. Не көп, жазғыш көп. Оқып отырсаң, бірінен бірі асып түседі.


Бұлар сөйлегенде бұл мемлекетке сонша журналист, сонша шенеунік не үшін керек деп ойланып қаласың кәдімгідей. Жазуларында, логикаларында мін жоқ, құдды Әлихандар мен Ахметтер қайта тіріліп келгендей балаша қуанасың.


Үмітің оянады, арқаланасың. Осылар тұрғанда жер бетінде қазақтан асқан қаһарман, қазақтан асқан ақылман ел жоқ сияқты көрініп кетеді тіпті.


Көрініп кетеді дегеннен шығады, өзім аса сүйіп оқитын Юнна Морицта «Производство впечатлений» деген әдемі өлең бар. Қазақшаласақ - «әсер қалдыру өндірісі» һәм «түр көрсету өнері». Сол айтпақшы, батыр болып көріну, данышпан болып көріну жарысы осы күнде фб-ның қазақстандық сегментінде қатты қызып тұр.


Мен бұл әңгіменің елдік мәселеге келгенде табаға қуырылған балықтай шын күйініп, мың шыжғырылып жүрген қарапайым замандастарыма ауыр тиетінін білем. Сол үшін де олардан жүз қайтара, мың қайтара кешірім сұраймын.


Өз басым елдің оянғанын, билікке трансформация керектігін қос қолдап қолдаймын. Тек әр батырлығымыздың артында қып-қызыл сөз бен текірек қаққан бос көкірек емес, нақты іс, терең тәжірибе мен фундаменталды білім болса деген тілек менікі.


Өткен өмірінде маңдайы шылқып еңбек етпегені, қарапайым шындығын қорғай алмағаны, принцип үшін қуғындалмағаны былай тұрып, аядай ғана айналып болмас жасында пара алып, пара беруді қалыпты дүние санаған, қарсы келгенді қасқырдай талаған беті жылтырақ бетпақ «батырларға» тойдық өйткені!


Dauren Berikqazhyuly

Фейсбуктегі парақшасынан  




Көрілген: 1254    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 00:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31