Неге адамдар жұмысын істетерде ізіңнен қалмай, ал ақшасын беретін кезде телефон көтермей, көтерсе де ренішті үнмен "не болды сонша?" дейді екен ей? Қоңырау шалғаныңа өкініп, өзіңді бір ақшадан өлген адамдай сезініп қаласың. Бірақ талап етіп тұрған - өзіңнің табан ақы, маңдай терің. Қашан біздің қазақтар жұмыс істеткен ақысын сұратпай, айтылған мерзімде беруді, кешіктірсе кешірім сұрауды үйренеді екен? Неге қазақтар деймін? Себебі мен өзге ұлт өкілдерімен жұмыс істеймін, олар сағат секілді механизм құрып алған. Тапсырма нақты, белгіленген нақты уақыты бар, айлығы да да ай сайын белгілінген күні шотыңа түседі. Және саған мәдениетті түрде қарым-қатынас жасап, тіпті арасында сыйлық беріп тұратыны да бар. Өзіңді адам сезінесің. Ал бізде, не істегеніңе рахмет жоқ, керісінше, өзіңді ит қылып жібереді ғой. Мені түсініп тұрсыздар ма?
Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан