Сен тұр - мен айтайын!

Қазақты жамандауды доғарыңдаршы!

  • Қазақты жамандауды доғарыңдаршы!

    Қазақты жамандауды доғарыңдаршы!

«Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар»....

 

Өткен түні шақырған жерге кештеу барыппын...

 

Алдындағы етті тауысып, сорпаны сораптаған  елдің назары лепіріп сөйлеп отырған пайғамбар жасына жетіп қалған кісіде...

 

- Дүниеде қазақтан оңбаған, іштар, қызғаншақ халық жоқ!                                                                      1937жылы өзбектен пәлен, тәжіктен түген, қырғыздан оншақты ғана  адам ұсталыпты.

 

Ал қазақтан 25 000 адам ұсталған. Қазақ өзі ұстап берген! Ойпырмай, ішімізге шынашақ айналмайды-ау, айналмайды...

 

Мысалы, мен аудандық газетке 4 мақала жаздым. Кездескеннің бәрі өзің жаздың ба? - деп сұрайды.

 

- Жоқ, ақша беріп біреулерге жаздырдым-десем,

  

Бәсе  -  деп, кәдімгідей қуанып қалады.

 

Құдды бір, мен жаза алмайтындай...  деп бастырмалатып бара жатыр..

 

Қазақтың дастарханында, ылғи қазақтардың арасында, қазақтың ұлттық тағамы - асқан етке тойып алып қазақтың өзін жерге тығып отырған пысықайға жыным келсе болады ма...

 

- Байеке, сіз бақытты екенсіз! Сіздің жазғандарыңызды оқитын ел бар екен.

 

..Таласбек Әсемқұлов деген бір ұлы қазақ өткен дүниеден!

 

Өткен жылы қайтыс болды!

 

Сол кісінің «Оқығам жоқ» атты керемет мақаласы бар. Қазіргі зиялы қауым бірін бірі оқуды қойыпты.

 

Ал, сіздің жазғандарыңызды оқиды екен! - деп тоқтаттым.

 

Мынау қайдан шыққан пәле дегендей алара қарап алды да, мамандығымды сұрады.

 

- Мектепте тарих пәнінің мұғалімімін. Сәтін салып, кезінде қазақ жерін зерттеген көптеген саяхатшылар мен ғалымдардың жолжазбалары мен зерттеу еңбектерін оқып едім. Солардың барлығы қазақ халқына өте жоғары баға береді. Тіпті, әлгінде сіз санамалаған халықтарды атап тұрып, қазақтардың  даму жағынан солардың бәрінен бір саты жоғары тұрғанын айтады.

 

- Тарихшы болсаңыз, сізге бір сұрақ. Қазір елдің бәрі қазақты денесі бар, басы жоқ Кенесарыға теңейді. Кенесарының басы табылады ма, жоқ па?

 

- Меніңше, Кенесарының басы табыла қоюы қиын. Ол басты орекеңдер әлдеқашан құртып жіберген болуы мүмкін. Егер, ол бас болса, Брежневпен тонның ішкі бауындай жақын араласқан Димаш ақсақал, елге алып келмесе де, тұрған жерін анықтап кетер еді! - деп өз ойымды білдірдім.

 

- Онда тағы бір сұрақ. Сіз ошны, әлде заошны оқыдыңыз?

 

- Заошны!

 

- Мен онсыз да біліп отырмын ғой! Қазіргі білгіштердің бәрі, мынау сіз секілді заошны оқыған! - деп көкіректі керіп тастап, маған қарай сұқ саусағын шошайтты.

 

Жағдайдың шиеленісіп бара жатқанын байқаған үлкендер

 

–Жарайды!

 

Доғарайық, тарихтың түбіне жеткен ешкім жоқ!- деп тоқтау айтқан соң, мен әлгі «шабуылын» жауапсыз қалдырдым да, бетімді сипап орнымнан тұрып, сыртқа беттедім.

 

 - Сіз алысқа ұзамаңыз!

 

Мен сізге 1 сағат уақытымды қияйын! Екеуміз тарих туралы әңгімелесейік! – деген соң, амалсыз бұрылдым.

 

Көзіне тіке қарап, өзі секілді сұқ саусағымды шошайтып

 

 –Ел ағасы болар жасқа жетіпсіз! Балаңызды сүмелек-сүмелек дей берсеңіз, балаңыз сүмелек болары анық!

 

Қазақтың нанын жеп, суын ішіп отырып, қазақты жерге тыққан адаммен менің сөйлесер сөзім жоқ! - деп шығып кеттім..

 

Артымнан ілесе шыққан бір ағамыз

 

– Ұят болды ғой, беделді кісіге сонша қатты сөйлеп...- деп ренжіп жатыр.

 

 – Көке беделді деген кісіңізде астамшылдық ұрып тұр ғой. Дастарханды сыйлай білмейтін адамды мен неге сыйлауым керек? Бүтіндей халықты жамандайтын ол кім өзі соншама?

 

- О, ол үлкен кісі!

 

 Зиялы адам!

 

25 жыл мылиса болды.

 

8 жыл мектепте директор болды. Соңғы жылдары Ордабасы, Сайрам аудандарында білім бөлімін басқарды...

 

....Өкінішке қарай, біздің кейбір ағайындар үшін зиялылықтың белгісі – басшы болу екен..

Айналайын зиялылар!

 

Қазақты жамандауды доғарыңдаршы!

 

Кімсіңдер соншалықты, бүтіндей бір ұлтқа баға беретіндей?

 

«Ұлыңды құлша тәрбиелесең құл болады! Ұлша тәрбиелесең ұл болады!»....

 

Зиялы болсаң, халқыңды ұлша тәрбиеле!

 

 

 

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3890    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31