Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым.
Менталитет менің ойымша халықтың іс-әрекетінен, жиі қолданатын сөздерінен, дәстүр, салттарынан және әндерінен байқалып тұрады.
⠀
САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ, ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМІЗ
* Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлау
* Тойларға, қонаққа міндетті түрде кешігіп келу
* Ағайын, туыстан көмек күту
* Балаларымызды 30-40 қа дейін бағып қағу
* Таныс арқылы жұмысқа тұрғызу
* Қалғанын сіз жалғастырсаңыз…
⠀
СӨЗДЕРІМІЗ БЕН ӘНДЕРІМІЗ
* Оралыңның барында ойна да күл
* Ден сау болса болғаны ай
* Барға қанағат, жоққа сабыр
* Барыңды да, жоғыңды да сал соған,
* Ата бабаң осы тойды аңсаған
* Қалғанын сіз жалғастырыңыз
⠀
Осындай менталиттерді өз бойымыздан жойып, өскелең ұрпаққа дамыған елдердің менталитетін сіңіре алсақ, біз де дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз..
Ол қандай менталитет?
* Уақыттың денін еңбек пен білім алуға жұмсау, ойын сауық емес.. Тойды ағайын туғандармен ғана, шағын қылып, ысырап жасамай тойлау
* Ешқайда, ешқашан кешікпеу, уақытты бағалау
* Ешкімнен көмек күтпей, «Өзіңе сену, ақылың мен қайратыңа, өзіңді алып шығар», керісінше мүгедек жандарға көмектесу
* Балаларды тауық емес, қыран қылып тәрбиелеу
Тағысын тағы сіз жалғаңыз...
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан