Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың әнші қыздарына... бір ішкөйлек берсең болды

  • Қазыбек Иса

    Қазыбек Иса

“Өзбекстанның “Даракчи” деген газетінің тілшісі Юлдашов деген режиссермен сұхбатта: “Сізге қай әншілермен клип түсіру оңай?”-деп сұрақ қойыпты.

“СӘН ӘЙЕЛДЕРДІ ЖАБЫҚ КИІНДІРІП, БАСТАРЫ ЖАБУЛЫ БОЛАДЫ”- деген белгілі дизайнер Аида Қауменованың мақаласына qazaquni.kz сайтына жазған комментінде Қали Жолдасов мырза қазақ әнші қыз-келіншектерін қатырыпты: “Өзбекстанның “Даракчи” деген газетінің тілшісі Юлдашов деген режиссермен сұхбатта: “Сізге қай әншілермен клип түсіру оңай?”- деп сұрақ қойыпты. Сонда анау: “Қазақтың әнші қыздарына клип түсірген оңай, оларға бір керует пен бір ішкөйлек берсең болды. Сол керуетте аунап, өз тәнін өзі сипап, аймалап, мәз болып түсе береді”,-деп жауап береді. Неткен масқара десеңізші! Иә, режиссердің айтқаны рас. Оны теледидардан күн сайын көріп жүрміз. Бұған не дейсіз?” Иә, бұл ащы шындық! “Әндіжанда бір әпкем бар, одан да өткен сорақы!”-дегендей, бізде тек әншілер мен шоу-бизнес өкілдері ғана емес, жалаңаш шығу спорт жарыстарында да (мысалы, кезінде арландарымыз “Астана Арланстың” бір кездесуінде раунд хабарлау үшін бір жапырақ лыпамен табло көтеріп шыққан қыздар туралы meninshe.kazjur.kz жазған еді) кездеседі… Бұлардың бәрін қойшы, ел түзей ме деген саясаткер әжелеріміз лыпаңды былай қойып, бүкіл елдің, бала-шағалары, немерелерінің, ағайын-туыс, құда-жегжат, жора-жолдастарының көзінше тұттай жалаңаш шыға келгенде біраз адам “жүріп кете жаздап”, біразы талып қалды. Ерғалиеваның “ерлігін” көргенде, Әселдер мен Мәдиналардың “еркелігіне” жылап көріседі екенсің…
АЛЛА АҚЫРЫН БЕРІП, АР-ИМАН мен АБЫРОЙДАН АЙЫРМАСЫН, ӘЙТЕУІР!..
Қазыбек Иса
www.qazaquni.kz




Көрілген: 2877    Пікірлер: 1

бейсенбі, 16.10.2014, 13:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31