31 мамырға дейін оқитын болыпты оқушылар. Өткенде маусым айында оқытуға қарсы болып едім.
31 мамырға дейін оқытуға біреу қарсы,біреу қолдайды.
Маған бәрі бір. Қолдамаймын да, қарсы да шықпаймын.
5 күннің зияны да пайдасы да жоқ.
Айтпақшы, оқу бағдарламасы жасалуда. Сол бағдарламаға сәйкес бүкіл кітаптар жаңадан шығады.
Кеше ұзынқұлақтардан өсек естідім. Өсек дейтінім, өзім көзіммен көрмедім. Ал, бағдарлама дайындайтын топқа сыртқа шығармауды тапсырып қол қойғызып алады екен. Осы қол қою мәселесін түсінбеймін. Не үшін? Нені жасырып отыр? Алтынсарин академиясының басшылығы осы мәселеге жауап беріңіздерші. Не үшін қол қойғызасыздар? Неге, нені айтпаулары керек?
Askhat Aimagambetov мырза!
"Қазақ тілінің бағдарламасын жасаушы топта НЗМ адамдары бар, олар өз идеяларын тықпалауда,"-деген өсек естідім.Рас па?
НЗМ құрған сорлы, қияли бағдарламасынан шаршап жүрміз.
Оларды неге бағдарлама дайындау тобына қосып отырсыздар? Неге?
Қасында болмаған соң, өз көзіммен көрмеген соң "өсек" деп отырмын. Өсек болса екен.
Шамшединова апам зейнетке кетпей ме? Әбден шаршатып жіберді. Бүкіл қазақтың баласына қазақ тілін оқытатын бағдарламаны дайындауға тұмсықтарын тыққанша, оқушыларына қазақша үйретсін. (Желіде тараған видеода оқушы қазақша білмей отыр. )
Асхат мырза! Бағдарламадан шикілік шықпауын, НЗМ адамдары өз қоқыстарын тықпаламауын қадағалаңыздар.
Өзгенің қаңсығын таңсық көріп болдық, тойдық.
Айтпақшы, бағдарлама шыққан соң талдаймыз. )))
Aiman Sagidulla