Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да сезетін

  • Қазақтың бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да сезетін

    Қазақтың бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да сезетін

  • Қазақтың бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да сезетін

    Қазақтың бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да сезетін

Баяғыда ауылдағы марқұм көкеміздің үш ұлы болатын.
Көкемнің үлкен екі ұлы шаруа баққан адамдар еді. Байғұс көкем сол екі ұлымен мақтанатын.
Екі ұлы мал ұстайды, малға қарайды. Ат шаптырымдай жерге бақша егеді. Шөп шабады, қи ояды. Қысқасы, таңның атысы күннің батысы үйдің отымен кіріп күлімен шығады.
О замандағы ауылдың бітпейтін күйбең тірлігі дегеніміз нағыз ит тірлік қой... Ыбыр - жыбыр, тыпыр тыпыр....
Егер көкелеріміз сол заманда Америкада тұрса, олар бұндай еңбектерінің арқасында ірі капиталист атақты бай адам болатын еді.
Ол жәй ғой, сол замандағы ауылдағы қойдың соңындағы шопан, жылқышы дегендердікі тіпті тозақы өмір болатын.
Соның бәрін со заманнан бүгінге шейін істеп келе жатқан да осы өз қазағымыз. Сол қазақты бүгінде біз жалқау дейміз.
Сонда сенесіздер ме, мен со кезде мал соңындағы бір орыс шопан немесе неміс жылқышы, я украин бақташы көрмеппін.
Меніңше, бұл халықтардың қолынан мал бағу келмеді, я болмаса олар бұның машақаты көп тозақы тірлік деп өздері ол маңға жоламады.
Ал сол заманда орекең "бұны қазақ істей алмайды" деп жолатпаған орындарда бүгін слесарь, столяр, механиктік өндіріс орындарында қазір мыңдаған қазақтар ың - шыңсыз жұмыс істеп жүр.
Содан... көкем сол екі бейнетқор ұлына іштей қатты риза болып мақтап отыратын.
Ал оның кенже ұлы шаруаның адамы емес, серілеу бала болатын. Жүрген жері ойын сауық, той - думан. Өзінің көзі ашық, бірақ үй шаруасына қырсыз еді. Қашып - пысып жүретін. (Кейін ерте марқұм боп кетті өзі).
Көкем соның болашағына қатты алаңдайтын.
Сол кезде "осы ұлым не болады екен" деп қамығатын байғұс, "қолынан шаруа келмейді, малға қыры жоқ, бұ балам не болады" ..
Сонда ауылдағы жұрт та әлгі баланы сырттай "түгенбайдың қырсыз ұлы" деп қабылдайтын.
Ол жақта бұл нормальный құбылыс. Сен мал бақпасаң, шөп шаппасаң, қи оймасаң, бітті құрыдың...
Ал "ол баланың қолы малдың арты, егіннің қасы емес, ол бала өз орынын таппай жүрген бір дарын иесі шығар, оның көзін ашу керек ау" деген түсінік ол жерде атымен жоқ.
Ол баладан бәлкім келешекте білікті инженер, ғұлама физик, ұлы философ шығады ау, тіпті илон масктар, немесе әйгілі өнер иесі шығады ау, оны біз малдың соңына салып қор қылып жатырмыз ау" деген ой 20 ғасырдағы қазақ ауылдарында болмады.
Сондағы мектепте саналы ұлын байқаған байғұс қазақтың бар әрекеті мынаған саяды:
Баласы мектепте жақсы оқыса, қалаға бір малын жетектеп келіп қаладағы жегжатына аманаттап, я тарихшыға, журналистке, я мұғалімдікке оқуға түсіретін. Болды, басқа таңдау жоқ.
Кейін оны бітірген балалары ауыл мектептерін айналшықтап шықпайтын. Сол жерде ғана нанын табатын. Оларға қала мектептерінде де жұмыс болмады, себебі қазақ мектептері қалаларда түгелге жуық жабылған.
Ал қазақтың осындай бейшара халін сол кездегі ат төбеліндей қала қазақтары да іштей жақсы сезетін.
Бізде әлі күнге шейін күрсіне айтылатын "ауылда жүр ғой небір таланттар қор боп" деген сөз бар. Ол сөз бізде сол заманнан бері келе жатқан сөз.
Кейде мен сол дарындарды танымайтын біздің ауылдан өз еңбегімен өрмелеп биік шыңдарға жеткен қазақтың сол замандағы ұландарына ескерткіш қойса болады деп те ойлаймын. Олардыкі енді нағыз күрес болды.
Сөз жоқ ауыл бір кезде қазақтың панасы болды, отаны болды, бірақ сол ауыл кезінде дарындарымызды танымай талайды тұншықтырған орта екенін де түсінуміз керек екен бізге.
Ауыл - мен үшін тек қана шаруа адамдарының орыны. Яғни бейнетқор капиталист фермерлердің орыны.
Бізге жалпы ауылға қатысты өз көзқарасымызды, саясатымызды түбегейлі өзгертуіміз керек.
Ол үшін әрине ең алдымен біздің жоғары мінбелерде, парламентте, осы АУЫЛдың сөзін сөйлейтін, бұл салаға реформа талап ететін өз жанашырлары, өз өкілдері отыру керек.
Ол өкілдер - бүгінгі біздің "Ауыл Партиясы".
Сол үшін осы сайлауда "Ауыл Партиясын" белсенді түрде қолдап жүрмін және сіздерден оған қолдау сұраймын.
Және миллиондардың аманатын арқалаған "Ауыл Партиясының" осы сайлауда жеңіске жетіп Парламентке өтетіндігіне ешқандай күмәнім де жоқ.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1154    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31