Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың төрі мен ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?

  • Қазақтың төрі мен ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?

    Қазақтың төрі мен ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?

Қазақ кімді болсын төріне шығарады, бірақ қазақты сыйлап жатқан ешкім жоқ

 

Бір-ақ мысал айтайын. Парламентте қанша өзге ұлттың өкілі шалқайып отыр. Айына бір миллиондай жалақы алады. Сыйақыны тағы қосып қойыңыз. Біреуі қазақша білмейді, тіпті білетіндері болса да, сөйлемейді... Асымызды ішеді, ыдыс-аяғымызды тебеді...

 

Қазақстанның Президенті аппаратында, Үкіметте, Парламентте, жалпы мемлекеттік органдарда қазақ тілін білмей қалай қызмет атқаруға болады?! Осыны түсіне алмай-ақ қойдым.. Қалай? Өкінішке орай, солай!..

 

Парламент – қазақтың төрі. Ал сол төрге шыққандардың қайсысы қазақты сыйлап жатыр?! Сыйласа, тілін үйренер еді, сол төрде отырып қазақ тілінде сөйлер еді. Жоқ, шетінен шовинист. Қазақтың тілін қайтсін?! Оны айтасыз, қазақтың төрінде отырып қазаққа өз тілінде, яғни өзге тілде өктемси сөйлейді. Біз соларға бүгежек қағамыз. Намысың түгілі, жының келеді. Неге осыншалықты басынады? Өзімізден де кінә бар! Сыйлата алмаймыз. Сыйлатуға ұмтылмаймыз... Қайта біз сыйлаймыз... Әй, "сыйға – сый..." дейтініміз қайда?!

 

Біз өзімізді өзіміз сыйламаймыз. Өз тілімізді өзіміз сыйламаймыз! Жақында Президенттің қатысуымен үкімет отырысы өтті. Тек Сапарбаев қана таза қазақша сөйледі. Бір ауыз орысша қосқан жоқ. Риза болдым. Ал қалған шенділердің бәрі сол баяғы Храпунов сияқты қазақша бір-екі ауыз сөз бастап, әрі қарай басқыншының тілінде жалғастырып әкетті... Бұл не сонда?!  Намысың келе ме, келмей ме? Біз неге осыншалықты сорладық? Өзіміздің қазақ шенділердің өзі өзін, анасын, ана тілін сыйламаса, бізді кім сыйлайды?! Оларды орысша сайратып қойған өзімізден де кінә бар. Жалтақпыз, жалтаңкөзбіз, жағымпазбыз...

 

Қазақты басыну, адам құрлы көрмеу, қашанға дейін жалғаса береді? Қазақ көтерілсе, талап қойса, тағы кінәлайсыздар!.. Сонда не істеу керек? Бұл қорлық пен мазаққа төзіп жүре беру керек пе?..

 

Қазақтың төрі мен ақшасы жақсы да, өзі мен тілі жаман ба?

 

Бұдан былай әр қазақ тек қазақша сөйлеу керек және өзге ұлттың өкілдерінен қазақша сөйлеуді талап ету керек!……

 

 

 

Думан Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 2938    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30