Сен тұр - мен айтайын!

Қазір "берген қаржың мынау, салынған нысаның анау..." дейтін ақжүрек біреу бар ма екен...

  • Қазір

    Қазір "берген қаржың мынау, салынған нысаның анау..." дейтін ақжүрек біреу бар ма екен...

Жақаевтай жан қайда?

Мемлекеттен қаржы алып, жұмысын істеп берген пысақайдың талайын тексере келгенде, ісінен ши шығып жатады. Қымқырып қалған, жымқырып үлгерген. Сапасыз істеген, аяқтамай қашып кеткен. Әйтеуір адал атқарғандары аз ғой.
Осыны ойлағанда Сыр бойының қарапайым диқаны, күрішшілер бригадирі Ыбырай Жақаев ақсақалдың бір сөзі еске түседі.
...1949 жылы өзіне бекітілген 5 гектар танаптың әр гектарынан 171 центнер күріш жинап, әлемде ешбір ел жетпеген жетістікке жетті. Хабарды естіген Кеңес Одағының басшылары мен ғалымдары күмән келтірген. "Мүмкін емес" деп арнайы комиссия жіберген. Олар келіп алынған өнімді бір грамын қалдырмай қайта таразыға тартпақшы. Күріш егілген танаптың бір сантиметрін қалдырмай ұзыны мен енін өлшемекші. Сонда Ыбекең «күрішің анау қырманда жатыр, жерің мынау жатыр, мен Нартайдың әнін тыңдауға кеттім» деген. Комиссия ары тексеріп-бері тексеріп, диқанның дүниежүзілік рекордын мойындайды.
Қазір "берген қаржың мынау, салынған нысаның анау, мен Қайрат Байбосыновты тыңдауға кеттім" дейтін ақжүрек біреу бар ма екен...

Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 860    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28