Сен тұр - мен айтайын!

Қазір «бетонбет» болуға тырысып жүрмін

  • Қазір «бетонбет» болуға тырысып жүрмін

    Қазір «бетонбет» болуға тырысып жүрмін

... Кеше «Қазақтелекомнанмын» деп біреу телефон шалды. «Сізге біздің сүйікті (шамамен осындай мағынады айтты) абонент ретінде үй кинотеатры 100 канал, амедиатека қосып береміз. Күніге 90 теңге төлейсіз. Қазір қосамыз. Екі күн ішінде тегін болады, егер ұнаса пайдалана бересіз, ұнамаса, сайтқа кіріп, өзіңіз қызметті ажыратуыңызға болады», — деп бастырмалатып барады. «Тұра тұр, ештеңе қоспаңыз, маған керек емес», — дегенімше болмай: «Ол керемет дүние, 100 арнадан артық көріп отырасыз, күніге бар болғаны 90 теңге. Қажеті болмаса, екі күннен соң айырып қоясыз, екі күн сынақтан өткізіп көрсеңіз болады», — деді тағы аузы-аузына жұқпай. «Тұра тұрыңызшы, біріншіден, менде үйде интернет бар, қажет фильмді интернет арқылы қарай аламын, екіншіден, менің күн сайын кино қарап отыратын уақытым жоқ, маған керек емес», — десем, тағы алдымды орап: «Сіз екі күн тегін көріңізші, екі күн ақша төлемей-ақ қойыңыз...» дей беріп еді, шыдамым таусылды: «Алдағы екі күнде кино қарайтын жоспарым жоқ, маған қоспаңыз», — деп ақыры құтылдым. (Өткенде ғана осылар телефон соғып: «IVI қосып береміз, екі ай тегін», — дегесін: «Жарайды» дегем, екі айда екі кино қарадым ба, жоқ па білмеймін, бірақ ақшасын төледім))) Тегін емес екен. Оны сайтқа кіріп өшіріп, әрең құтылдым).
... Бір күні жұмыстан шаршап келіп, балама тамағын беріп, кішкене демалайын деп жата бергенім сол еді, есік шырр етті. Бардым. Жас балдар екен: «Апа, үйіңіздегі судың сапасын тексерейік, сізге керемет фильтр алып келдік. Осыны қондырсаңыз, таза су ішесіз. Қазіргі ішіп отырған суыңыз су емес, у» деген сияқты бірдеңелер айтты. «Көкелерім, керек емес, бара қойыңдар», — деп олардан да әрең құтылдым.
Өткенде хоум кредит банктен хабарласты. «Сізге лояльный клиент ретінде төмен пайызбен 5 миллионға дейін несие береміз. Бар болғаны 15 пайыз. Қазір оформить етейін ба?» — деп бастырмалатып бара жатыр. «Жоқ, әзірге несие алатын ойым жоқ», — десем, «Дәл қазір рәсімдесеңіз, жеңілдік болады, рәсімдейін ба?» деді. «Қарағым, мұндай сұраққа адам бес минуттың ішінде жауап бере алмайды, маған телефон шалмаңыз енді, кредит керек болса, өзім барып алармын. Тем более 15 пайызбен))», — деп одан да әрең құтылдым.
Бүгін таңертең таң атпай активтен хабарласты. Керемет бір акция жүріп жатыр екен. Телефон алсаң, ай сайын кредитке төлеген ақшаңа гигабайттар беріп тұрады екен. Керек емесін айтып, әрең құтылдым. Содан таныс емес номерден тағы біреу звадады. Ала беріп едім: «Галакси...» деп бастап жатқан жерінен лақтырып жібердім.
Осындайлар көбейіп кетті. Саған не керек, не керек емес екенін біреулер шешетін болып кетті. Мен кино қараймын ба, кредит аламын ба, суға фильтр аламын ба — шын мәнінде біреуден ақыл сұрап, шешетін нәрселер емес, құдайға шүкір, бұған ақылым жетеді. Сол секілді қазір сетевиктер де толып кетті. «Ойбай, қазір жазылып ал, әйтпесе, өмір бақи бір жалақыға қарап, бейшара болып өтесің» деген сарындағы нәрселер жүйкеге тиеді. Шын мәнінде ешкімге сенің кедей-бай болғаның маңызды емес, бәрі өзі үшін жасайды бәрін.
«Ананы неге бүйтпейсің, мынаны неге сөйтпейсің?» деген нәрселерден мезі болдым. Әлеуметтік желіде де кілең ақыл айтқыштар. «Ойбай, аффирмация жаса, өмірің гүлденіп шыға келеді», «бәрін кешіру керек, өткен реніштерді ұмытпасаң, жолың жабыла береді», «ойбай, ана шампуньді алсаң, шашың жібек болады», «миыңа установка жасасаң, байып шыға келесің», т.т.
Ватсап деген тіпті жүйкеге тиеді. Адамдар сенің рұқсатыңсыз керек емес группаларға қосып қойып, бөсіп бірдеңелер айтып отырады. «Оқыдың ба, мен жіберген видеоны қарап шықтың ба? Осы видеон қарасаң, өмірге көзқарасың түбегейлі өзгереді, күшті боласың» деп звандайды сосын. Ал мен не үшін оны оқып, не үшін ол видеоны қарауым керек екен?
Айтқыш-айтқыш дегенге екіленіп алған біреулер сөздің неше түрін айтып, саған әсер етпек болады. Рас, кейбірінен жеңіліп қаласың — айтқан группасына қосылып, кейбір заттарын сатып аласың, бірақ ол айтқандай өмірің өзгермейді)))
Қазір бәрі копирайтинг дегенді жақсы меңгеріп алған, «жұмыс істейтін», яғни, тұтынушыға әсер ететін сөздерді жақсы біледі, жарнама тілін жақсы меңгерген. Оған төтеп беру де ерлік))) Ол үшін сөз өтпейтін «бетонбет» болуың керек (жақсы мағынада). Әйтпесе, «өмірді гүлдендіру үшін» айтылған «ақылдарды» тыңдамасаң, өзіңді артта қалған, өмірге ілесе алмай қалған бейшара болып сезіне бастайсың бір күні. Мұндай ақпараттық қыспақ адамды мезі етеді. Жарнама тым көп, бәрі саған қалай өмір сүруді үйретуге құмар.
Қазір «бетонбет» болуға тырысып жүрмін. Менің өміріме не керек екенін «менен артық білетіндердің» сөздерін құлақтан ары өткізбеуге тырысамын. Себебі менің өміріме не керек екенін бір Алла ғана біледі. Установканы да, расстановканы да жасайтын сол. А так өз өміріме өзім ризамын, күніге миллион мәрте Аллаға шүкіршілік етемін сол үшін. Адамның бәрі бірінші рет және бір рет өмір сүреді, ешкім өмірді қалай сүру керектігін 100 пайыз білмейді, себебі бір рет қана болатын нәрсені қателіксіз жасау мүмкін емес. Сондықтан, просто өмір сүрейікші))




Көрілген: 1207    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31