Сен тұр - мен айтайын!

Қазір бір адам нан таба алмай жүрсе, оның көршісі той жасайды

  • Қазір бір адам нан таба алмай жүрсе, оның көршісі той жасайды

    Қазір бір адам нан таба алмай жүрсе, оның көршісі той жасайды

1996 жыл. Тәуелсіз Қазақстан. Экономикалық жағдай туралы айтудың да керегі жоқ.

Жасым 13-те. "Сайран" автовокзал қасындағы "Сырдария" базарында, мектептен кейін анама көмектесіп кәмпит сатып жүрмін.

Шыны керек маған базар ұнайтын. Базарда бірге туратын өзге сатушы тәтелер мені өз баласындай көріп үнемі еркелететін.

Ұлтты кәріс  тетя Света мені салаттарымен тойдыратын, түрік Марина тәте Мичурин ауылында өскен алмасынан рюкзакқа толтырып беретін, ал өзбек Мехрибан тәте тандырдан енді шыққан нанынан дәм татқызатын.

Шіркін базар өмірі десеңші...

Өмірлеріміз қиын болсада біз бақытты болатынбыз.

Көршілер бір-біріне туысқандай жақын болатын. Әрдайым тойда қонақ, қиын қыстау заманда көмек болатын.

Балаларды алаңнан үйге кіргізе алмайтын заман болған.

Біреу мұқтаж болса, ел асар етіп көмек беретін заман еді.



Ал қазір?

Бір адам нан таба алмай азық-түлікті қарызға сұрап жүрсе, оның көршісі ысырапты той жасап, қонаққа шақырмақ түгілі, бір үзім нан да бермейді.

Қазіргі заман баласын, далаға шығара алмайсың, бастары гаджеттерде, ютубта. Басы тыныш болғысы келетін және соған жол беретін ата-аналар оңбайды!

Қазір асар деп жария көмек берсең пиар дейді, жақсы амалға адамдарды тартып көмек берсең мақтаншақтық дейді, жасырын садақа берсең неге көбірек адамдарға көмек беру үшін басқаларға айтпайсың деп бетіңе басады.

ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Абай бабамыз айтып кеткендей өзге істің бәрі бос болмас үшін, қазақ қазаққа дос болу керек! Бір-бірімізге тірек болуымыз керек.
Әйтпесе жауға жем боламыз. Осыны ұмытпайық құрметті ағайын. 

 

Кайрат Кудайберген
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1207    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31