Сен тұр - мен айтайын!

Қазір кімнің сөзі шын, кімдікі өтірік екенін ажырату қиын. Өте қиын...

  • Қазір кімнің сөзі шын, кімдікі өтірік екенін ажырату қиын. Өте қиын...

    Қазір кімнің сөзі шын, кімдікі өтірік екенін ажырату қиын. Өте қиын...

Филфактағы Фазыл ағай бірінші курста бізден аттестация алған еді. Сабақ берген жоқ, Зейнолла Қабдоловтың орнына аттестация қабылдады. Бірінші күні екі топтан жалғыз адам өтті. Екінші күні тағы да жалғыз адам өтті. Енді қалсақ, стипендиядан айырылып қалуымыз мүмкін. Ал 1996-97 жылдары стипендия – жалғыз құтқарушы. Үшінші рет тапсырып жатырмыз. Қоятыны бір сұрақ. Зырылдап жауап беріп жатырмын. Ағай бетіме қарап отырды да, басын шайқап: "Сен не айтып отырсың, мен не тыңдап отырмын?" – деді. Өзімше күшті айтып жатқан сияқтымын. Манадан айтқан жауабымды құлағына ілмегеніне ме, әлде стипендиядан айырылып қалғалы тұрғаныма ма, білмеймін, көзімнің жасы бұрқ ете қалды. Ал содан өзімді тоқтата алсамшы. Солқылдап әлі жылап тұрмын, әлі жылап тұрмын. Ағай міз бақпайды. Тек бір кезде ғана: "Неменеге жылап тұрсың?" – деді. Мен одан сайын ботадай боздап қоя бердім. Бірінші курс, үйді де сағынып, оқығым келмей, әрең жүрген кезім. Көзім бұлаудай болған кезде ағай үнсіз зачеткамды сұрады. Ең төменгі балды қойып берді де, "кете бер" дегенді көзімен ымдады.

Менің "олжалы" шыққанымды, қалай "тапсырғанымды" естіген бір пысықтау курстасым кіріп, жылай салған ғой. Фазыл ағай қуып шығыпты.

Ағай психолог екен, кімнің шын жылағанын, кімнің өтірік жылағанын біле қойғанын айтам да. Ал қазір кімнің сөзі шын, кімдікі өтірік екенін ажырату қиын. Өте қиын...


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31