Қазір мемлекеттің күші алып армиямен емес, қуатты экономика, жаңа технологиямен өлшенеді
Жақында Байден сыртқы саясатының бағыттарын жариялағанда АҚШ-тың бас қарсыласы деп Қытайды атады. Ресейді емес. Яғни, Мәскеудің көршілер жерін тартып алуы, мыңдаған ядролық ракетаны ұстауы, миллиардтаған баррель мұнай мен одан да көп газға ие болуы, шетелге жалдамалы әскер жіберуі де АҚШ үшін маңызды емес екен.
Алайда Қытайдың тоқтаусыз дамып келе жатқан экономикасы, технологиясы, армиясы анағұрлым қауіптірек болып шықты.
НЕГЕ? Себебін Байден білер. Бірақ Ресейдің шаруасы санкциямен бітетіні көрініп қалды. Экономикасы әлсіз. Шикізатқа негізделген. Егер SWIFT-тен аластатса, қаржы секторы тіпті тоқырамақ.
Ал Трамптың сауда соғысы Қытайдың мұртын да шаппады. Иә, шығын көрді, бірақ анағұрлым емес. Оған қоса, Пекиннің жауабы да АҚШ-қа шығын әкелді. Блумберг тіпті бұл соғыста Қытай жеңді деп жазды.
Яғни, қазір мемлекеттің күші алып армиямен емес, қуатты экономика, жаңа технологиямен өлшенеді. Қазынаңның түбі көрініп жатса, әскерді қалай ұстамақсың деген әңгіме...
Билікке Трамп не Байден келсін, Черчилль айтқан мүдде бәрібір өзгермейді. Ол мүдде қашанда реалист. Ал реализм Ресейдің жоғарғы лигадан шығып қалғанын көрсетті.
Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан