Сен тұр - мен айтайын!

Қазір той-томалаққа шақырушылар қонағын, жақын-жуығын сыйламайтындар деп түсінем

  • Қазір той-томалаққа шақырушылар қонағын, жақын-жуығын сыйламайтындар деп түсінем

    Қазір той-томалаққа шақырушылар қонағын, жақын-жуығын сыйламайтындар деп түсінем

Қайда қарасам да қамсыз халық. "Карантин сақтаныңыздар" деп шырылдайтындар тек ФБ-да ғана отыратын сияқты. Шеңбер тарылып келе жатқанын байқау сонша қиын ба? Бір ай бұрын ғана "кәне, кім ауырды, көрсетші?" деп жүрген жұрт, енді, күнде бір өлімге бет сипап отыр.

Дәл қазір той-томалаққа шақырушылар қонағын, жақын-жуығын сыйламайтындар деп түсінем. "Не болса да тіреліп тұрған шаруамды шешіп алсам, баламды үйлендіріп, қызымды ұзатып алсам болды, ар жағы күл болмаса бүл бол" деу.

Өз басым жаным ашитын жанның үйіне (жалпы ешкімнің) бармауға тырысып жүрмін. Есік қаласында, жарты сағатта зыр етіп жетіп баратын жерде анам жатқанына пәлен күн болса да ПЦР тестім "ауру белгісі жоқ" деп шыққан соң ғана барып амандастым. Жан құрбым инсульт алып ауруханадан шықты. Телефонмен көп сөйлесе алмайды, барып көңілін сұрауға дәтім бармай отыр. Зияным тиіп кете ме деп.

Ешкімге пайда әкелмесеңіздер де зиян шектірмеуге тырысыңыздаршы, ағайын.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2911    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30