Кедейліктің себепкері - той

26 шілде 2023, 18:58

Шетелден келгенде бірден көзге түсетін екі нәрсе бар. Бірі - кедейленіп, қайыршыға айналған адамдар, екіншісі - күн құрғатпай бола беретін қисапсыз той.

 

Біріне екіншісі себепкер.

 

Жұрттың көбі табысының едәуір бөлігін тойға баруға, оны ұйымдастыруға, көйлек-көншекке жұмсайды, сол үшін қарызданады.

 

Мәнді-мәнсіз той көп, қатысы бар, жоқ демей жүз-жүздеп шақырады. Құданың қарындасының немересінің сүндет тойы деген сияқты.

 

Зейнеткерлер зейнетақысын емге, дәріге емес, той “конвертіне” жұмсайды.

 

Кедейліктің себепкері - той.

 

 

Мұхтар Сеңгірбай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz