Сен тұр - мен айтайын!

Кеңес Одағы құрамында болса да, тіл тазалығына қатты мән берген екен

  • Кеңес Одағы құрамында болса да, тіл тазалығына қатты мән берген екен

    Кеңес Одағы құрамында болса да, тіл тазалығына қатты мән берген екен

Жаңа "Тамашаның" кейбір қойылымдарын қарап шықтым. Назар аударатын бір дүние бар. Актерлар кейбір орысша сөздерді қолданғаны болмаса, негізінен тілі таза. Жылдам сөйлесе де, әдеби сөздерді қолданады. Кеңес Одағы құрамында болса да, тіл тазалығына қатты мән берген екен. Ауызекі стиль болса да, екпінді дұрыс қойып сөйлейді.

Біреуді мақтау үшін басқаны сынау міндет емес. Бірақ қазіргі орысша сөйлесем, бәрі күледі деп ойлайтын "театрлармен" салыстыра алмайсың.

Адам күніне 15-16 мың сөз сөйлейді екен. Меніңше, қазақ баласының сөздік қоры мен айналымында орысша сөздердің үлесі тәуелсіздік алғаннан кейін күрт өскен секілді. Әдетте, қалаға келіп, оқу оқып, қызметке тұрғанда артатын. Қазір балабақшадан басталатындай.

Ресейде Антон Лапенко деген театр актеры бар. Совет адамдарының образын жасап, вайн түсіреді. Сол кездегі жұрттың сөйлеу мәнерін дәл қайталайды. Жаңағы "Тамашадан" кеңес қазағы мен қазіргі қазақтың сөйлеу мәнерінде, ырғағында, екпінді қоюында, сөз саптауында айырмашылық бар екенін байқауға болады.

p.s. қазір қалың көзілдірік киетін әйелдер, мұрт қоятын ер азаматтар азайыпты ))

Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1301    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 15:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30