Инстаграмда достығымда бар еді бір қыз...Бір күні тікелей эфирге шығып, ертесіне ота жасатуға бара жатқанын айтып, толқып тұрғанын, қорқып тұрғанын жазған еді. Елдің бәрі шулап, жұбатып жатқан сол қызға мен де тілеулес болып жүргем. Кеше "отадан кейінгі ісігім қайтты, қазір жақсымын, жақындарым, бауырларым, бәрі қасымнан табылды, рахмет. Сіздерге мен барған клиника, дәрігер туралы толық ақпарат беретін боламын" деп жатқан. Алда, байқұс-ай, біздің де түртіп қалса сау етіп жүз дертіміз шығады, аман болсын деп тілеуін тілеп-ақ жүргенмін. Сөйтсем....айғалап жүріп жасатқан отасы...кеудесін екі размерге үлкейтіпті.
...Өзінің шаруасы ғой, дей тұрғанмен кеудеңді үлкейтем деп отаға әкең, бауырларыңды ертіп барып тұрсаң тегі ұят қой...
Гүлбағыш Бостан
Фейсбуктегі парақшасынан