Сен тұр - мен айтайын!

Кей ақымақтар кәпірді орыс немесе сүндеттелмегендер деп түсінеді

  • Кей ақымақтар кәпірді орыс немесе сүндеттелмегендер деп түсінеді

    Кей ақымақтар кәпірді орыс немесе сүндеттелмегендер деп түсінеді

Мұсылман боп тудым, мұсылманмын деп айт деген пікірді тықпалап, ұлтты - қазақты екінші орынға ысырғысы келетін дүмше діндарлар көбейді.

Адам бірінші шақалақ болып ұлтымен бірге туады. Қазақ боп тудың ба, алдымен ұлттағы барды біл, соған ие бол.

Дін сосын келеді және ол құбылмалы. Дінге емес, құдайға сен. "Христиан", "будда", "мұсылман" деген ұлт болмайды.

Кәпірде ұлт жоқ, ол барлық ұлтта кездеседі. Біздегі кей ақымақтар кәпірді орыс немесе сүндеттелмегендер деп түсінеді.

Кәпір жынысқа бөлінуші ме еді? Сол сияқты алла айтты, сахаба бүйтті дегенді айтып тықпалайтындар көп. Алланы адам бейнесінде жасап алып, Меккеге барғанда сенің алдыңа келдім дейтіндер ақымақ па, әлде, шынымен, солай түсіне ме?

Сахабамен құдайдың бар екенін түсіндіру қаншалық тиімді. Ұлы күштің бар екенін мойындамайтын, құдайдан қорықпайтын қазақ жоқ Жер бетінде. Онда дінді әсірелеудің қажеті не? Шындап келгенде, өзіне сенесің бе, сенбейсің бе, Жаратқанға сенің сенімің керек те емес. Бәрі тек өзің үшін, өзіңнің иманың үшін керек.

Ал ұлтыңнан жеріну, ұлтыңда барды қастерлемеу - надандық. Алдымен балаңның тілі шығар-шықпастан үлкенге сәлем беруді, нанның уағын тастамауды үйретіп, ҰЯТ болады, ОБАЛ болады, ЖАМАН болады дегенді үйреткен қазақтың әдебін, салтын шариғатқа жазудың қажеті жоқ. Дінде ұят болады деген ұғым да жоқ.

Ислам дінін қабылдағанға дейінгі қазақтын таным-наным, ырым-тыйым, әдет-ғұрып, дәстүр-салтының ешқайсысы шариғатқа қайшы келмейді де. Солай! (Апамның айтқанынан көкейге түйіп, қорытынды шығарғаным).

Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 3944    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.12.2019, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30