Сен тұр - мен айтайын!

Кей директор бар мұрнының астынан міңгірлеп сөйлейтін...

  • Кей директор бар мұрнының астынан міңгірлеп сөйлейтін...

    Кей директор бар мұрнының астынан міңгірлеп сөйлейтін...

Мектеп директоры ер адам болғаны дұрыс. Ер болғанда шіңкілдеген сөзі көп, бойы балалардың арасынан әзер көрінетін еркек емес. Нар тұлғалы, иығы кең, жауырыны жалпақ, даусы зор болғаны тіпті жақсы. Ол оқушылар арасында мотивация береді. Ұлдар директор сияқты ықпалды ер адам болғысы келеді, қыздар еркекке бағынып, сыйлап өседі.

Әйел адамның құқығын шектеп отырған жоқпын, дегенмен "құралай бастаған көш оңбайды", "байтал шауып бәйге алмайды" деген аталы сөздеріміз бар. Әйел директор мұғалімдер ұжымын ғана емес, бүкіл оқушы қауымын да басқарып отыр. Айта-айта жауыр болған тақырып балабақшада әйел, мектепте әйел, ұжымда әйел басқарған қоғамда қайратты, ер мінезді жігіттерді қалай тәрбиелемекпіз.

Қазіргі қоғамымыздағы тәрбие діңгегі мектеп. Осы тәрбие ошағын сөзі өтімді, жан-жағына сыйлы еркек директор басқарғаны жөн-ақ.

Сөзге шешен, жүріс-тұрысы ширақ қазақтың жігіттері көп-ақ. Осындай азаматтарды қолдап жіберсе "тау қопарады". Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын мен білетін бірнеше мектеп директорлары бар. Аралас мектептерді басқарып отырған мектеп директорларының түгелге жуығы қазақша "қақпайды". Кей мектептің директорлары шешендік өнерден, яғни ораторское искусстводан мақұрым, дегенмен қол астындағыларды сөзбен шаққанда шебер. Директорға қойылатын талапта білімі мен қатар ұйымдастырушылық, басқара білу қасиеті де ескерілуі керек. Кей директор бар мұрнының астынан міңгірлеп сөйлейтін. Бүгінгідей алғашқы қоңырау сияқты халық көп жиналатын жиынды директор басқаруы керек. Ал біздің директорлар қайтеді? Сол мектепке қонаққа келген депутат сияқты биік мәнберден сыртынан қарап тұрады. Яки елге есеп беретін әкім сияқты сөз берілгенде қағазға жазылған есебін міңгірлеп оқып тұрады. Мүмкін осы үрдісті өзгерту қажет?

Директорларды білім басқармасында танысы, министрлікте тамыры бар деп тағайындауды қою керек. Қоғамда танымал, сөзі өтімді, оқушыларға үлгі болатын, ұлт болашағын қалыптастыра алатын ұлтжанды ер-азаматтарды директорлыққа тағайындауды жоғарғы жақ қолға алса екен.

Пс-сы: мұғалім емеспін.


Айнұр Сағиева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1681    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30