Сен тұр - мен айтайын!

Кей мекемеге барып "газетке жазыл" десең, көзінің сорасы ағып жылап қоя береді

  • Кей мекемеге барып

    Кей мекемеге барып "газетке жазыл" десең, көзінің сорасы ағып жылап қоя береді

Подписканың кезінде құтты бір иегова куәгерлері сықылдымыз. Аяқтан тозып, газетке жазылуға үгіттейміз.
Көз таныс Молдаван апа бар. Кездесе қалсаңыз күлімдеп,
- Бақыт деген не, Болашақты қалай елестетесіз?&mdash деп сұрақ қояды.
Сөйлегенде іші -бауырыңа кіріп, жүрегіңді елжіретіп жіберетін қасиеттері басым. Құтты бір сетевой маркетинг немесе пирамида сынды бизнесске үгіттеп тұрған жан сияқты.
Бұлар иегова куәгерлері!
Асығыспыз. Оны тыңдап тұруға уақыт жоқ. Тиісті жерге хабарласқаныңмен, тиісті орындардың қатырғаны жоқ.
Жазылым кезінде мекемемен мекеме жүріп, жолай молдаван апамен күнде бірнеше мәрте ұшырасып қаламыз.
- Жай жүрсіңдер ме? - деп жымияды.
- Подписка ғой! Өздеріңіз жай жүрсіздер ме?
Әлде сіздерде де подписка ма?
Алды-артына қарамай безеді. Біздің ауданда иегова куәгерлерінің үйі бар. Былтыр барғанбыз. Жанына кішкентай қоңырау тузигін ертіп алған иеговист бізді маңына да жолатқан жоқ. Тиісті орныңды да қыстырмады. Тұрған жерінен тікелей эфир жасап, біздің себепсіз тиісіп жатқанымызды айтып, әлдекімдерге шағымданды. Екі қолымызды қалтаға салып кері қайттық. Әттегенайы осылардың тобына көп жандардың кіріп кеткені.
Жазылым жайлы айтамын деп қуып кетіппін ғой!
Жазылым демекші кей мекемеге барып "газетке жазыл" десең, көзінің сорасы ағып жылап қоя береді. Ал жоғарыдан отчет не мақала талап еткенде, ақшасына болса да орындауға бар. Газетке жазылса, сол мақаласын өзіміз-ақ чики-чики етіп берер едік қой.
Мұхтар деген ағам бар. Сан жылдар бойы машина жасау зауытында жұмыс істеген. Қазірде Машинростроитель мәдениет үйінің директоры, зауыттың кәсіподақ төрағасы. Сол кісі жұмысшылардың барлығына тіпті қарауыл, пол жуушысына дейін газетке жаздырды.
"Арзымаған ақша қалтаңнан түседі де қалады. Сауатыңды ашсаңшы, ауданның жаңалығынан хабардар болып отсаңшы, заңдылықтарды оқы, бәрі өзіңе керек" деп айтқанды.
Жұмысшылар сөзін екі еткен жоқ. Бүгінде сол кісілерге.өзім апта сайын газет тасимын. Почталён Пешкиннің қарындасы почталён Сешкин болып жүргеніме бірнеше жылдан асты.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1072    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31