Сен тұр - мен айтайын!

Кейбір көрсоқыр күйеулерінің қысымынан әйелдің дарындылығы өледі

  • Кейбір көрсоқыр күйеулерінің қысымынан әйелдің дарындылығы өледі

    Кейбір көрсоқыр күйеулерінің қысымынан әйелдің дарындылығы өледі

"Ер адамның миына қарағанда әйел адамның миының салмағы 130 грамға кем. Демек, әйелдің ақылы аз деген сөз. Аз болмаса, неге әйелдерден ұлылар, пайғамбарлар шықпаған?" деген бір видеоны көріп ыза болып едім кеше, соны бүгін тағы біреу бөлісіп қойыпты. Әй, скотина, ақылдылық пен ақымақтық жынысқа бөлінбейді. Жаратқан Иеміз тарыдайдың ішіне таудай талантты салып қоя алады, керісінше, таудайдың ішіне тарыдай бірдеңені даңғырлатып тастай салуға да құдыреті жетеді. Жаратқанның құдыретіне шәк келтіретіндей кім едік? Әкем ақылдырақ, анам ақымақтау деп айтуға қайсыңның дәтің барады?! Пайғамбар немесе ұлылар шықпаса, оған әйел кінәлі емес. Әйелдің бойындағы дарыны көп жағдайда от басының ешқашан бітпейтін және көзге көрінбейтін, бірақ үйдің берекесін сақтайтын шаруаның қым-қуытының астында тұншығып қалады немесе өзі әдейі тұншықтырады, отбасының берекесі үшін құрбандыққа шалады өз талантын. Немесе, кейбір көрсоқыр күйеулерінің қысымынан әйелдің дарындылығы өледі. Ағыны қатты ғұмырдың қай дауылында кімнің жол табары бір Аллаға ғана аян. Әййй, қарақтарым-ай!

...Айтады, айтады дегенге, қайтеді!


Оңайгүл Тұржан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1862    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 13:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31