Сен тұр - мен айтайын!

Кейде адамдар өзінің топастығынан болған жағдайға, өзгелерді кінəлайтыны рас екен

  • Кейде адамдар өзінің топастығынан болған жағдайға, өзгелерді кінəлайтыны рас екен

    Кейде адамдар өзінің топастығынан болған жағдайға, өзгелерді кінəлайтыны рас екен

Өткенде бір таныстың үйінде қонақта болғанбыз. Құдай салмасын бір үйде тұратын екі келінінің бір-бірімен басы піспейді екен. Үлкені кішісін отырса опақ, тұрса сопақ қылып отыр. Келген қонақтардан қымсынатын емес. Бір кезде үлкені кішкентай 7 айлық бөпесіне асылған еттің қамырынан беріп тамақтандырған болды. Арасында қойдың құйрық майын кішкентай бөбектің аузына қайта-қайта тықпыштай берді. Анадай құйрық майды сəби тұрмақ үлкен адамның өзі жей алмайтын шығар.

Женге ауыр болып кетеді ғой -деген кіші келінге

-Жұмысың болмасын -деп жекіп тастады.

Біздің де сөзімізді құлағына қыстырған жоқ.

Бала деген құйрықты көп жеу керек. Күшті болады. Бұрынғы ата-бабаларымыз балаларына құйрық май сорғызып өсірген. Солардан əулие емес шығарсыздар -деп біздің де аузымызға құм құйды.

Сонша құйрық майды жеген бала оңсын ба?

Оның үстіне баяғы заманның адамдары мен қазіргілерді салыстыруға келмейді. Құйрық майға жүрегі айныды ма,

ходунокта тұрған бала лоқсып жіберді.

Зəреміз зəр түбіне кеткен шығар. Отырған бəріміз орнымыздап түргеп, əлгі бөпеге жүгірдік. Бағанағы жеген құйрық майларын шығарып құсып жатыр.

Шешесі яғни үлкен келін бəрімізді оқты көзімен атып қарады.

-Көздеріңіз тиді əне.

Баламды ауыртып қойдыңыздар!.

Ыңғайсызданып қалдық.

Шынымды айтсам, ол жерден кетуге асықтым.

-Мұнысы несі?

Адам өзінің топастығына біреуді кінəлəғаны дұрыс емес қой-десті қонақтар.

Иə шынында да, кейде адамдар өзінің топастығынан, өзінің білімсіздігінен болған келеңсіз жағдайға, өзгелерді кінəлайтыны рас екен. Тағы көзім жетті.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.08.2019, 12:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31